|    |  
20 қазан 2019
16:21
қаз
Банан қосылған пудинг
12 желтоқсан 2016, 15:25 27

Бізге керегі:

Банан – 4 дана
Ұнтақ жармасы – 0,5 стакан
Сүт – 1 стакан
Жұмыртқа – 2 дана

Жасалуы:

Ең алдымен сүт пен жұмыртқаны жақсылап араластырамыз. Дайын қоспамызға ұнтақ жармасын қосып, тағы да жақсылап араластырамыз.

Енді бананды алып, қабығын аршып дөңгелектеп турап формаға салып үстінен дайын қоспамызды құямыз да мултиваркаға салып 40 минут пісіреміз. Дайын пудингті сәл суытып арнайы стакандарға салып қоямыз.

Астарыңыз дәмді болсын!


Жаңалықтар