17 Декабрь
16:02
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Кербез
17 қараша 11:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бананды қалай таңдау керек?

Қандай бананды жеген дұрыс? Әлі пісіп-жетілмеген жасыл бананды ма, әлде сыртында қара дақтары пайда бола бастаған сарғыш бананды ма? 

Өздеріңіз байқасаңыздар, бананның түсі неғұрлым сары болған сайын, соғұрлым дәмі де тәтті бола түседі. Оның басты себебі, бананның құрамындағы ферменттер крахмалды жойып, моносахаридтермен дисахаридтерге айналады.

Жапон ғалымдары келтірген дәлелдерге сүйенсек, банан қатерлі ісіктің алдын алатын, антиоксиданттық қасиетке ие. Дегенмен, мұндай қасиет тек қара дақтана бастаған сарғыш банандарда ғана бар екен. Банан қаншалықты даққа көп болса, соншалықты Сіздің ағзаныздың иммунитетіне оң әсерін тигізеді. Сондықтан, пісіп-жетілген банан онкологиялық аурулардың алдын алатын дәмді әрі пайдалы тағам. Ол қарапайым жасыл бананнан пайдасы жағынан 8 есе артық екен. Айта кететін жайт, егер Сіз артық салмақтан арылғыңыз келсе, піскен сары бананды көп мөлшерде жеуге болмайтындығын білгеніңіз абзал.

Мергенбаева Әсия, терапевт:

«Адам денсаулығының мықтылығы үшін күнделікті рационда алуан-түрлі тағамдар болуы тиіс. Соның ішінде, ерекше атап өтетіні – банан. Банан құрамында басқа жеміс-жидектерден таба бермейтін құнарлы дәрумендер бар. Ол шаштың, тістің, көздің, тіпті жалпы қан айналымының жұмысына көмегін тигізеді».

Бананның тағы бір пайдалы тұсы - ағзадағы қант мөлшерін көбейтіп, шаршаңқылық пен мазасыздануды басады. Десе де, дүкен сөрелерінде сатылып жатқан үйреншікті банан жем-шөп ретінде қолданылатынын да айту міндет. Олар піскен қалпында пайдалы болса, кішкентай банандар, яғни «baby» сорты жасыл күйінде көбірек шипасын тигізеді.

Кішкене банандар дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Мысалы, тек бір бананның құрамында300 мг жуық натрий бар. Адам ағзасына қажет бір күндік натрий мөлшері 1 грамм болса, 3 банан керек дәрумендермен толық қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, іш-құрылыстың дұрыс жұмыс жасауына, асқазанның ас қорытылуына оң әсерін береді.

Мергенбаева Әсия, терапевт:

«Банан жүктілік кезінде де өте пайдалы. Жүкті әйелдің жақсы көңіл-күйі мен шымырлығына күніне 1500 кДж қажет болса, екі-ақ банан 1000 кДж энергия береді екен».

Бананның тағы бір ерекше пайдасы – ағзадағы кальцийді сақтау. Күнделікті кофе, қара шай, газдалған сусындар кальцийдің мөлшерін азайтады.

Банан – энергия мен күш-қуаттың қайнар көзі. Сондықтан, банан адам өміріндегі маңызды тағамдарың бірі ретінде қарастыру керек.

Дереккөзі: el.kz
нравится:    1310
Теги: Аруларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии