|    |  
11 желтоқсан 2018
23:15
қаз
Бананның пайдалы тұстары және ол туралы тағы нені білу қажет
15 сәуір, 12:40 244
Банан торығуды жойып, көңіл-күйді жақсартып, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Денеге күш-қуат береді, сондықтан спортшылардың күнделікті тамақтануына тұрақты түрде қосылғаны дұрыс.



Бананды біраз уақыт болды, сирек кездесетін, таптырмайтын жеміс деп айтуға келмейді. Олар өте дәмді және де кез келген супермаркеттен оны жыл бойы үзбей сатып ала аласыз. Алайда ең маңыздысы ол емес. Сары жемістің денсаулыққа да пайдасы бар. Қандай жақсы қасиеттері бар екенін бүгінгі мақаламызда айтатын боламыз.
Бірінші кезекте банан асқазан сөлі көтерілген формадағаы гастриті бар адамдар үшін өте пайдалы. Олар үшін банан жақсы тіскебасар қызметін атқарады. Жеміс қышқылды жоймаса да, асқазанда белгілі бір пішінде қабат түзеп, асқынудың жүзеге асуына кедергі болары белгілі. Асқазаны ауырмайтын кез келген адамның да ащы немесе тұзды тағамдардан кейін бананды жегені өте пайдалы.
Банандар нәрлі және тез қорытылады. Оларды тұмау мен салқын тию кезінде жеген де орынды. Ауру кезінде адмдардың тәбеті төмендейді, ағза нәрлі тағамдарды қажет етеді.
Дәл осы кезде бананның нағыз жейтін тамақ екені анық. Оның өзін жеуге, болмаса қандай да бір йогурт немесе смузи құрамында пайдалануыңызға болады. Сүт жемістің жағымды әсерін күшейте түсері анық.
Бананның құрамында калий мен магний көп мөлшерде шоғырланған, бұл жүректің дұрыс жұмыс жасауына көмектеседі. Бұл микроэлементтердің жетіспеушілігінен аритмия секілді аурулар пайда болуы ықтимал. Ағза құрамында тәуліктік калий мөлшерін толтыру үшіне бар болғаны күніне екі банан жемісін жегеніңіз жетерлік.
Бананның гликемиялық индексі оның пісу деңгейіне де байланысты. Мәселен, піскен сары жеміс орташа алғанда 50 бірліктен тұратын көрсеткішке ие. Банан ағзаға бірте-бірте сіңіріледі, аштықпен күреседі, сол себепті семіздіктен арылғысы келетін адамдар үшін таптырмас жеміс.
Бананның құрамы (100 грамм мөлшерлемеге):
Су – 74 г, ақуыз - 1.5 г, майлар – 0.1 мг, көмірсутек – 21.8 г, Калория – 89.

Бананның пайдасы, оның құрамында А, В1, В2, В3 (немесе РР дәрумені), С, Е дәрумендерінің, фолий қышқылының, кальцийдің, магнийдің, натрийдің, фосфордың, темірдің, мыстың, цинктің болуымен түсіндіріледі.
Банан аллергиялық реакциялар туғыза ма?
Бірқатар адамдар банандар аллергия туғызбайды деп есептейді. Негізінен бананнан аллергия пайда болуы мүмкін, бірақ өте сирек кездеседі және бұл жағдайда бананның еш кінәсі де жоқ. Банан әлі піспеген кезде, оларды үзіп алып, химиялық құралдармен өңдейді, нәтижесінде жемістен аллергия тууы әбден мүмкін.
Бананды пайдаланар алдында жуу керек пе?
Көптеген адамдар  жемістің қабығы болса, оны жуу орынсыз деп топшылап жатады. Бананның сыртқы қабығын ашқан кезде сыртындағы кір бактериялар ішке еніп кетуі мүмкін.
Сол себепті бананды жуу керек, ал жуатын мүмкіндік болмаса, ылғал майлықпен сыртын сүртіп алу керек. Бананның қабығына зақым келген болса, мұндай жемісті сатып алмаған дұрыс.
Бананның қалыпты мөлшері
Кішкентай банандар, ірісіне қарағанда анағұрлым пайдалы. Жылы елдерде ірі банандар жемдеуші жемістер қатарынан орын алады, ал кішкентайларын балғын күйінде немесе қуырып, жаңғақтар мен түрлі жемістер қосып жейді.
Қытайда қабығы алынған банандарды тәтті қамырда дайындап, ыстық күйінде ұсынады. Күйіп қалмас үшін жемісті суық суға бір салып алады.
Бананның пайдалы қасиеттері
Банан торығуды жойып, көңіл-күйді жақсартып, күйзелісті жеңуге көмектеседі. Тиімді бола түсуіне жаңғақтар пайдалы. Мұндай десерттер калорияға бай, сондықтан кәдімгі тамақтанудың орнын баса алады.
- Банан құрамында қан қысымын төмендететін және де ісінудің алдын алатын калий бар.
- Жеміс серотониннің өңделуіне әсер етеді. Сол себепті күйзелісті немесе нашар көңіл күйді жеңу үшін шоколад орнына банан жеген дұрыс. Сондай-ақ жеміс шоколад секілді көп калориялы емес.
- Банан асқазан қыжылын басып, асқазанды агрессиялы тағамдардан қорғайды.
- Жеміс күш-қуат береді, сол себепті спортшылардың тағамында сүтпен бірге пайдаланылады.
- Жәндік шақққан кезде орнын бананның қабығымен уқаласаңыз, қышынудың алдын алуға болады.
Банан кімдер үшін тұтынуға болмайтын тағам?
Бананды келесі категориядағы адамдарға шама келсе пайдалануға болмайды:
- Диетаға отырған адамдар үшін. Бананның 100 грамында 89 калория бар. Арықтауға бел буғандар үшін бұл өте көп. Алайда тығырықтан жол табуға болады: бананнан жасалған смузиді спорт жаттығуларн жасар алдында ішкеніңіз орынды. Сол кезде денеңіз белсенді болады, фруктоза басқалай сіңіріледі, нәтижесінде артық салмақ қосылмайды.
- Бірінші типті диабетке шалдыққан адамдарға. Бұл уақытта жеген жемістің құрамындағы инсулинге мән берген орынды.
- Екінші типті диабетке шалдыққан адамдарға. Бананды өте аз жеген дұрыс.
Бананның ұзақ уақыт бойы қорытылатынын естен шығармау керек, сол себепті оны ұйықтар алдында жеген орынсыз. Ұйықтағанға дейін 1,5-2 сағат бұрын жесеңіз болады. Өтті айдау қиынға соғып, нәтижесінде асқазанның жұмыс жасауына кедергі келтіруі ықтимал.
Бананды қалай пайдаланған дұрыс?
Ең танымалдысы классикалық, яғни өз қалпында. Сол кезде жемістің құрамында пайдалы элементтер сол күйі сақталады. Егер басқалай пайдалану қызығырақ болса, банан қосылған түрлі мәзірлерді алдыңызға ұсына аламыз:
- Банан қосылған сұлы жармасы. Ең оңайы өзіңіз жейтін сұлы жармасына бананды қосу, сүйікті жаңғақтарыңызбен, балмен араластырып жеу.
- Қуырылған банандар. Бананды қуырғыңыз келсе, оны дөңгелектеп емес, көлденеңінен кесіңіз. Қуырар алдында бананның үстіне сәл ғана апельсин шырынын тамызыңыз, даршын қосыңыз. Кішігірім күнбағыс майын құйып, табада қуырыңыз. Балмұздақ  қосылған мұндай банандар өте дәмді. Ал егер сіз дұрыс тамақтануды қолға алған болсаңыз, банандарды пеште пісіріп алуға да болады.
- Банан қосылған смузи. Смузи дайындаудағы нұсқалар өте көп. Мәселен, 1) банан+апельсин+бал; 2) банан+киви+балғын саумалдық жапырағы+алма+жемістер (мұздатылған жемістерді пайдалануға болады, мысалы қарақат, таңқурай)+бал; 3) банан+сүт+бал. Жемістің қабығы алынып, туралып, блендерде жанышталады.
-Банан қосылған жемістен жасалған тіскебасар. Егер сіз қосымша тұрмыстық техниканы қолданғыңыз келмесе, болмаса маңайыңызда блендер болмаса, дәл осы жемістер сіздің тіскебасарыңыздың дайындалуына таптырмас қоспалар болып табылатыны белгілі.
Ағзаны пайдалы дүниелермен толтыру үшін міндетті түрде дәрілік препараттарға жүгіну орынсыз. Кей кездері табиғи заттың өзі дәл қасыңда тұрады, бүгінгі біз айтқан банан секілді оны байқамай қалуыңыз да ғажап емес.


http://www.menslife.com


Жаңалықтар