24 Август
12:46
Астана: 25 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Әлем жаңалықтары
14 шілде 15:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Банк «тұтқынын» банкомат құтқарып алды
Техас штатының тұрғыны банкте «тұтқынға» түсіп қалған. Ер адам банкке құлпы істен шыққан есіктердің бірін жөндеуге келіпті. Бірақ жұмысын аяқтағаннан кейін сыртқа шыға алмай қалған. Есік өздігінен жабылып қалған. Ал біреулерге қоңырау соғып, көмекке шақырайын десе телефонын көлікке қалдырып кеткен.


 
Бағына орай, банктің банкоматы орналасқан бөлмеге қамалып қалған. Қағазға хат жазып, сырттан банкоматқа ақша шешу үшін келген адамдарға қабырға мен банкоматтың арасындағы шел арқылы жіберіп отырған. Ол хатта «Маған көмектесіңіздерші, мен мұнда қамалып қалдым. Менің басшыма қоңырау соғыңыздаршы»-деп жазылған. Соңында телефон нөмірі көрсетілген. Бастапқыда біраз адам мұны қалжың деп қабылдаса керек, көпке дейін ешкім көмек көрсетпей қойған. Кейін бір клиент құқық қорғаушыларды шақырған. Тәртіп сақшыларды кездейсоқ «тұтқынға» түсіп қалған азаматты құтқарып алыпты.





 
Дереккөз: newsru.com
нравится:    288
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии