23 Август
17:56
Астана: 28 °C
Алматы: 26 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Экономика
20 қазан 12:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Банкоматтан ақша ұрлаудың жаңа тәсілі пайда болды

Фото: telefakt.ru

Алаяқтар арнайы компьютерлік шинаның көмегімен жүзеге асыратын банкоматтан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін ойлап тапқан. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

“Осындай үрдіс шамамен 4-5 ай бұрын пайда болды. Кейбір банкомат түрлерінде бұрғымен тесілген жарық пайда болуда. Сол жерге шина қосылады. Осы құрылғының көмегімен бұзақылар ақшаларды алып алады”, – дейді Ресейдегі Сбербанк өкілі Станислав Кузнецов.

Оның сөзінше 80 мың банкоматы бар Сбербанк ондай өндіріс орындарының қызметінен қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда бас тартады.

“Бұл ақпарат турасында өндірушіге хабарланған, бірақ ешқандай реакция болмады. Әрине, мұндай жағдайда бізге бірігіп жұмыс істеу керек. Біз не сіздердің банкоматтарыңызды сатып алмаймыз, не болмаса сіздер қандай да бір шара қабылдауларыңыз керек. Бұл проблема жақын арада шешімін табады деп ойлаймын”, – деді ол.

Құқық қорғау органдары болса аталмыш тәртіп бұзу әрекеттері бірнеше жерде көрініс тапқанын айтуда. Механикалық құрал арқылы істелетін бұл бұзақылық кең өріс алуда. Бұзақы банкомат саңылауын бұрғылайды және сол жерден “шинаны” – ішкі компьютердің сымын шығарып алады. Сосын ол сымды өзінің құрылғысына жалғайды. Содан соң арнайы бағдарлама арқылы банкоматты толық бақылауға алып, ақша алатын жерінен барлық ақшаны сау еткізіп түсіруге мәжбүр етеді.



Дереккөзі: Stan.kz
 
нравится:    1115
Теги: Нарық және тұрмыс, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии