|    |  
17 желтоқсан 2018
19:18
қаз
Банктегі ақшаны тышқандар кеміріп тастаған
12 қаңтар, 17:58 991


Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы банктердің бірінде ақшаны тышқандар кеміріп тастағаны жөніндегі видео кеңінен таралуда, деп хабарлайды NUR.KZ.
 
Видеода банк қызметкерлері банкоматтың кассетасын ашқан сәтте оның ішінде тышқандар кеміріп кеткен ақшаны көрген сәті бейнеленген. Олар «бұзақы тышқандарды» тірідей қылмыс үстінде ұстап алған. Алайда, нәзік жандылар қораптағы тірі тышқандарды көре салып, қорқыныштан жан ұшыра айғай салады.
 
«Бұлар тұтас мафия ғой», — дейді видеоны түсіріп тұрған ер адам.




Видеоның соңында оқиға куәгерлері бұл туралы банктің қауіпсіздік қызметі қызметкерлеріне хабарлау керек екенін айтады. Видеоматериалдан тышқандардың кем дегенде 100 мыңға жуық соманы кеміріп тастағанын көруге болады.


Жаңалықтар