18 Август
11:16
Астана: 21 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Экономика
20 сәуір 15:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Банктер әлеуметтік желіде бәсекелесе бастады

Бүгін ForteBank facebook-тегі парақшасына  «кеше біз қазақстандық банктер арасында жазылушылар саны бойынша бірінші орынға шықтық. Білесіздер ме, бұл ғажап сезім! Біз басқа банктегі әріптестерімізбен бұл жаңалықты бөлісуге асығып, таңды әрең атырдық.Үздіктермен бәсекелестік мүмкіндігі үшін рахмет. Қол жеткізген жетістікте тоқтап қалмайық» деген жазба мен Каспи банктің бас ғимараты, шөлмектердің суретін салды.

Жазба мен суретке себеп ForteBank-тің facebook парақшасына жазылушылар саны жағынан басқалардан озып кетіпті. Каспи банктің парақшасы бұған дейін әлеуметтік желідегі жазылушыларының саны жағынан бірінші болып келген еді. Каспи-дің парақшасына 52 018 адам жазылса, Forte-нің парақшасына 53 011 адам жазылыпты.

Қолданушылар  бұған түрлі пікір қалдыруда. Көпшілігі Каспи банк қызметінің үздік екендігін айтқан.

Біз екі банктің парақшасын салыстырып көрген едік. Байқағанымыз аталған банктің парақшасындағы жазбалар қазақ, орыс тілдерінде жүргізілсе, ForteBank-тің парақшасынан мұндай байқалмайды.

Қолданушылардың кейбірі ForteBank SMM-шілерінің әрекетін Tele2 мен Kcell арасындағы жарнамалық жарыс тартысқа еліктеу деген пікір білдірген.

7kun.kz
нравится:    733
Теги: Қаржы және экономика,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии