22 Сентябрь
19:17
Астана: 9 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
14 тамыз 11:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Барак Обама жазғы демалысының бір бөлігін кітап оқуға арнамақ


АҚШ Президенті Барак Обама жазғы демалысының бір бөлігін кітап оқуға арнамақ.
 
Politico газетінің хабарлауынша, Обама демалыс кезінде оқу үшін әдеби-көркем, тарихи, ғылыми және фантастика жанрларда жазылған Джеймс Солтердің «Барлығы осы»,  Энтони Дорраның «Бізге көрінбейтін әлем», Элизабет Колберттің «Алтыншы алапат», Джумп Лахиридің  «Опасыздық», америкалық журналист Та-Нехиси Коутстың  «Әлем мен меннің арасы» және Рон Чернның «Вашингтон: Өмірі» атты ғұмырнамалық кітаптарын таңдаған.
 
Аталған газет, Ақ үй қожайынының амбициялық жоспарын алға тарта келе,  Обама 16 күн демалыс ішінде бір кітапты 2,5 күн ішінде оқып шықпақ деп есептеп қойыпты.

Барак Обама өзінің жары Мишель және қыздарымен бірге 7-тамыз күні Мартас-Винъярдте орналасқан демалыс орнына аттанып кеткен болатын.

 
нравится:    823
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии