19 Декабрь
02:15
Астана: -21 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
8 қаңтар 09:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Барак Обама жеке қаруы мүлдем болмағанын мәлімдеді




АҚШ президенті Барак Обама жеке қаруы мүлдем болмағанын мәлімдеді, деп хабарлады ТАСС.«Менде еш уақытта тапанша болған емес», - деді ол бейсенбі күні CNN телеарнасының эфирінде қару жайында әңгіме қозғалған кезде.
Бұдан бұрын Обама АҚШ атқарушы билігі атыс қаруы айналымына бақылауды күшейтуге бағытталған  бірқатар шаралар қабылдағанын жариялаған.
АҚШ Президенті қару иелері мен сатушылардың мүдделерін қорғайтын ұлттық қару қауымдастығы өкілдерімен кездесуге әзір екенін мәлімдегенін   айта кету қажет.
«Олармен  кездесіп, әңгімелесуге қарсы емеспін», - деді американдық Мемлекет басшысы. Алайда, ол «Обама адамдардан қаруды алып қоймақшы деген дақпырт»  әңгіме емес, нақты факті жайында сөз қозғалатынын қосты.
АҚШ Президенті сөйлеген сөзінде қаруды сатып алу-сату жүйесінде мысалы, дәріні қоса алғанда, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген тауарлар саудасы сияқты ақылға қонымды тәсіл қолданылуы тиіс екенін айтты. «Бізге сатып алушының кім екенін ықтимал тексеруді көздейтін заңды түрде қаруды сатушылар мен сатып алушылар үшін қолайсыз жағдай тудырмайтындай тиімді жүйе қажет», - деді Ақ үй басшысы.  Ол бұл жүйені АҚШ Конгресінің заңды шешімдерімен бекіткенді жөн санайды.
Бұдан бұрын Обама АҚШ атқарушы билігі атыс қаруының айналымына бақылауды күшейтуге бағытталған бірқатар шаралар қабылдайтынын хабарлаған.
нравится:    625
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии