14 Декабрь
02:56
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
5 тамыз 17:03
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Барак Обаманың кіші қызы даяшы болып жұмыс істеп жүр


АҚШ президенті Барак Обаманың 15 жастағы кіші қызы Наташа Мартас-Виньярд аралындағы балық тағамдарын ұсынатын Нэнси мейрамханасына жұмысқа орналасты. Оның жұмыс уақыты таңғы 7.30-да басталып, төрт сағатқа созылады.
 


Оның міндетіне касса аппаратында тұрып қызмет көрсету, тағамды жедел терезеден беріп тұру, залды қонақтарға дайындау, сондай-ақ үстел үстін тазалау кіреді. Наташа Обаманың қауіпсіздігін құпия қызметтің алты агенті бақылайды.
 


Ел арасындағы сөзге сенсек, Барак Обама Нэнси мейрамханасының басшылығымен достық қарым-қатынаста. Өткен жылы 17 жастағы үлкен қызы Малия режиссер Стивен Спилбергтің түсірілім алаңында ассистент болып жұмыс істеген болатын. Малияның 2017 жылы Гарвардқа оқуға түсетіні белгілі болды. Ол биыл мектеп бітірген. Бірақ бір жыл қоғамдық жұмыстармен айналыспақ.
 
Дереккөз: segodnya.ua
нравится:    713
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии