Кербез
28 қаңтар 15:16
Барлық іске қалай үлгеруге болады?

Әр әйелдің мойнында бітпейтін жұмыс бар. Тамақ әзірлеу, балаға қарау, жұмыс істеу, үй жинау және т.б. Осының бәріне қалай үлгеруге болады? Кеңесімізге құлақ түріңіз.

1. Істеріңізді маңыздылығына қарай бөліңіз
Ең алдымен біріші кезектегі, маңызды істерді орындаңыз. Аптықпаңыз, абыржымаңыз. Басқаларын кейінге қалдырыңыз немесе өзгелерге тапсырыңыз. Барлық істі бір уақытта істеймін деп өзіңіз шаршайсыз. Кейбір істерді кейінге қалдыруға қорықпаңыз.

2. Барлығын бірден аяқтауға тырыспаңыз.
Бұл көп келіншектің ең басты қателігі. Маңызды істерден бөлек, кейінге шегеруге болатын істердің тізімін жасаңыз.

3. Барлық хаттар мен қоңырауларға жауап қатпаңыз
Электронды хаттар мен барлық телефон қоңырауына жауап бере бермеңіз. Бұл әсіресе қолыңыз тимей жатқанда өте маңызды. Қоңыраудың шұғыл емес екенін сезсеңіз жауап бермей-ақ қойыңыз.

4. Барлығын мінсіз жасауға тырыспаңыз.
Перфекционизм — бұл жақсы қасиет. Алайда кейде бұл қасиеттің де зиянды тұсы болады. Әр ұсақ-түйекке мән беріп, басыңыз қатады. Сондықтан барлық энергияңызды ұсақ-түйекке жұмсамаңыз.

5. Барлығының көңілінен шығуға тырыспаңыз
Барлық адамның көңілінен шығуға тырысқаннан жаман нәрсе жоқ. Себебі сіз ешқашан барлық елдің көңілінен шыға алмайсыз. Сондықтан бұған көңіл бөліп, шаршаңғанды доғарыңыз. Өзіңіз істеуге тиісті істі атқарыңыз.

Дереккөз: www.zhenskoeschastie.com
 

Комментарии




Яндекс.Метрика