|    |  
26 мамыр 2019
16:16
қаз
Барлық зодиак белгілеріне мамыр айына арналған жұлдыз жорамал
03 мамыр 2019, 15:36 214

 
Тоқты
Өткен-кеткен оқиғаларды еске алып, сезімге бой алдыра берудің қажеті жоқ. Оның орнына өкініш пен өкпені ұмытып, алға қарай жүру керек. Сонда махаббат сізді өзі іздеп табады.

Торпақ
Өміріңіз қыза түспек. Жұмыс, жаңа таныстықтар, жаңа келісімшарттар бәрі сіздікі. Бар ойыңыз әріптестеріңізбен қарым-қатынас құруға бағытталатын болады.
 
Егіздер
Егіздерге үлкен өзгерістерге бел буудың қажеті жоқ. Өзіңізге үйреншікті, қалыпты дағдыдан жаңылмаған абзал.
 
Шаян
Шаршасаңыз да, босаңсымаңыз және жалқаулыққа жол бермеңіз. Сіздің жалпы жағдайыңыз мамыр айындағы белсенділігіңізге байланысты болмақ.

Арыстан
Көбірек демалуға тырысыңыз. Бірақ экран алдында көп отырмаңыз.
 
Бикеш
Логикаңызға көбірек сүйеніңіз. Адамдар алдауы мүмкін. Жаңа таныстардан сақ болыңыз.

Таразы
Бұрынғы сүйіктіңізбен арадағы бар мәселені шешкен соң ғана жаңа қатынас құрыңыз.

Сарышаян
Ақша ағыны тұрақты. Күтпеген жерден ақша келуі мүмкін.
 
Мерген
Мергендерге сәттілік серік болады. Жұмыс іздеп жүргендер жақсы жұмыс таба алады.

Тауешкі
Ұйқыңызды қандыруға тырысыңыз. Әйтпесе дұрыс демалмағандықтан шаршауыңыз мүмкін.
 
Суқұйғыш
Достық пен өзара түсіністік бірінші орынға шығады. Достарыңызға сүйене аласыз.

Балықтар
Бұл ай жұмысыңыз үшін аса пайдалы. Кәсіби тұрғыдан өсесіз. Түрлі саладағы адамдармен араласуға тырысыңыз.
 
Дереккөз: Сегодня


Жаңалықтар