17 Декабрь
16:00
Астана: -10 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
10 маусым 10:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Барсакелмес» қорығы (Видео)
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жерде алғаш 1929 жылы қорғалым ретінде пайда болса, 1939 жылдың 10 желтоқсанынан бері өзіне лайық мәртебеге ие. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының басынан Сырдария және Әмудария өзендері арқылы Арал теңізіне келіп құятын судың мөлшері күрт азая бастауына байланысты теңіздің бірте-бірте тартыла түсуі мұндағы қорықтың да жағдайын нашарлата берді. Ақырында мұндағы Барсакелместің “арал” атанғаны тарихтың тұнбасында қалды. 



Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығындағы сексеуілді орман алқабы 41,5 мың гектар жерге созылып жатыр. Осы табиғи ортаны 25 сүтқоректі жайласа, солардың біреуі дүниежүзілік “Қызыл кітапқа” енген, келесісі Қазақстанның сондай кітабы парақтарынан орын алған. Олардың біріншісі – құлан да, екіншісі қарақұйрық. Сонымен қатар мұнда өсімдіктің 354 түрі өссе, оның 14-і эндемик. Құстардың 178 түрі мекен етсе, бұлардың 26 түрі Қазақстанның “Қызыл кітабына” жазылған. Бұдан басқа, 12 бауырымен жорғалаушы мен 2 қосмекенді тіршілік етеді. Бұл жерде сирек кездесетін улы қалқантұмсық жылан да бар. Мұндай жыланның уы медицинаға аса қажет.





Қорық екі кластерден тұрады. Мұның біріншісіне бұрынғы  Барсакелмес аралының 50 884,0 гектарлық алабы жатса, екіншісін байырғы Ұзынқайыр және Қасқақұлан аралдарынан қалған 10 9942,0 гектарлық танап қамтиды. 





Жалпы алғанда қорықтың ауданы  105879 га жерге жетеді, ал буферлік аумағы — 54947 га. Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. 



Бұл аймақтар оңтүстік Арал теңізінің кепкен табанымен, яғни, экологиялық апат ошағымен қатар жатқандықтан, қорықтағы тіршілік атаулы ұдайы тұзды тозаңның астында қалуда. 
Қорықтың қорғалатын бағалы жануарлары – тұяқтылар: сайғақтар, жейрандар және құландар, олар аралдың қатаң шөлдi жағдайына бейiмделген және оның биоценозының негiзгi компоненттерi болып табылады.
Жейран шөлдi ландшафтардың әшекейi. Бұл өте жеңiл және сымбатты антилопа.
Құлан – жабайы есек, және сыртқы тұрқы бойынша ол жылқыға көбiрек ұқсайды, бiрақ одан кiшiрек және құйрығы қысқа. Алғаш 8 құлан Барсакелмеске 1953 жылы Бадхыз қорығынан әкелiндi.1985 жылы «Құландар аралында» 260 жануар болды.









Көгiлдiр Аралдың жазығында жарты ғасыр бұрын түзiлген қорық өлiп бара жатқан теңiздiң тағдырын бөлiседi. Солтүстiк Аралдың эталоны, оның өзгерiстерiнiң жылнамасы әрқашанда Барсакелмес қорығы болып қалуы керек. Оның ландшафтары, флорасы және өсiмдiк жамылғысы, жануары қазіргі кезде ерекше назарда. Өйткені ол аймақта тіршілік көзі жыл өткен сайын азайып барады.




Барсакелмес туралы аңыздар: 

Арал өңірі тұрғындары арасында Барсакелмес төңірегінде аңыздар көп. Солардың бірі былай баян етіледі. Баяғыда осы маңайда тұратын тайпалар арасында жаугершілікке тыйым болмай бара жатқаннан кейін Ләтпай деген кісі бастаған ру адамдары құлақ естіп, көз көрмеген алыс жаққа кетіп қалуға қам жасайды. Сонда бұларға теңіздің қақ ортасындағы суы тұщы, шалғыны шүйгін, балығы мол, алуан түрлі аң-құсы бар, сексеуілі қалың ғажайып аралға өтіп кетуді ұсынушылар табылады. Бұлар мұз қатқанда күзер жасап, соның үстімен аралдың төріне жетіп алмақ болады. Сол мақсатта Изенді ондағы табиғатты ақ жартас түбін паналап, шолпанның тууын күтіп отырғандарында, олар жаққан оттың маңайына жыртық шапанды, тесік тымақты бір ақсақал келіп, Ләтпайға қарап: “Ол аралдан қорықпаңдар, онда зұлымдық жоқ, қасқыр жоқ, адамдар жоқ. Аралда табиғатты сақтасаңдар, бақытты да ұзақ өмір сүресіңдер. Ұрпақтарың ештеңеден зәрулік көрмейді. Мыңғырған мал болады. Аң-құсты өлтірмеңдер. Аққуларға тимеңдер”, – дейді. Осыны айтқан қария заматында қараңғылық қойнауына сүңгіп жоқ болады. Ләтпай оның Қыдыр екенін іштей сезеді. Ал, төбеден шолпан көрінген сәтте тайпа түгел орнынан қозғалып, мұзды көпір — күзердің үстімен тізбектеліп жүріп өтіп, аралдың қойнауына барып түседі. Қысты осы аралда жақсы өткізген Ләтпайдың жұрты көктемге қарай тойына бастайды. Қыдыр атаның айтқандары айдай келіп, көп ұзамай олар байи бастайды. Осы ұзақ аңыздың ақыры аралдағы ағайынның жылдардың жылы баяғы қарияның өсиетін естерінен тарс шығарып, сексеуілді отап, аң-құсты қырып, аққуға ауыз сала бастауы салдарынан бір түнде маңайды түгел ордалы жыланның жалмауымен аяқталады. Аңыз бойынша сол қырғыннан сегіз жасар бала ғана аман қалыпты-мыс. 

Барсакелмес туралы қазіргі кездегі аңыз
1949 жылы Барсакелмес аралында Әбдіразақ деген қазақ болжап айтып қойған... Сонымен, өткенге оралар болсақ... 1949 жылы Барсакелмес аралы маңында қатты дауыл болып, қайықтары қираған екі балықшы аралға келіп жан сақтайды. Тол­қыннан ары барып паналау үшін әлгі екеуі аралдың ішіне бойлай еніп кете берген. Содан кейін олар­ды ешкім көрмеген... Кейін­нен бақытсыздыққа тап болған жолдастарын іздеп барған балық­шылар аралдан өте үлкен шар секілді бір құбылысты байқаған. Шарға ұқсап дөңгеленген тұман­ның кесірі ерекше еді. Бұл жө­нін­де балықшылар жағаға оралған соң, жақын жерде орналасқан әс­керилерге хабарлаған. Таңғажайып құбылысты көктен зерттеу үшін Ли-2 әскери барлау ұшағы келеді. Ерекше тұманға жақындап қал­ғанда ұшақтың моторы өшіп, істен шығады. Алайда ұшқыш тәжірибелі болса керек, жағалауға аман-есен қонады. Әскерилер таңғажайып тұман домаланып тұрған маңды бірден қоршауға алып, ол жерге иісшіл иттерді жіберіп көреді. Бір қызығы, тұманға жақындап барып, шәуілдеп үріп, тап берген иттер тұманға кірісімен көзден ғайып болып, кері қайтпаған. Кейіннен бұл жерге Мәскеуден физик ғалымдар келіп, зерттеу жүргізген. Олардың қорытындысы бойынша шарға ұқсас тұман дегеніміз мың­даған тонналық айрықша су болып шыққан. Егерде лабора­ториялық жағдайда жүздеген тон­на судан миллиграмм ғана айрық­ша су бөлініп алынады екен. Ал бұл жерде мыңдаған тонна ерекше су дайын тұр. Демек, оның құ­былысы да сұмдық болмақ. Бірде шар-тұманның ішіне қалайда кіріп байқау үшін, аралға баржамен танк жеткізілген. Танктің артына трос байланды. Әлдеқандай жағдай бола қалса, кері тарту үшін. Брон­ды көліктің ішінде отырған тан­кистерге үнемі байланыста болып, көргендерін баяндап отыру міндет­телді. Алға жылжыған танк тұман-шарға жақындап қалғанда танкис­тердің сөздері үзіліп кеткен. Алыс­тан бақылап тұрған әскери бас­шылар «жедел кері қайт» деген бұйрығына танкистің «қайтудың қажеті қанша, мында тамаша екен!» деген сөзі естілгенде, үзіліп кеткен. Танкті трос арқылы кері тартып, алғашқы орнына әкеліп, қақ­пақты ашқанмен ішінде тан­кис­тердің бірі де болмаған. Адам отырмағандай, жым-жылас. Ға­лымдар «қайтудың қажеті қанша, мында тамаша екен!» деген тан­кистің сөзін жүздеген мәрте қайта тыңдап, саралап, зерттегенмен дауыстан ешқандай толқудың, үркудің нышанын байқамаған. Жұмбақ сол құпия күйінде қалған. Кейіннен аралға әскерилер келіп тұрады. Әскерилерге жақын жерде, ішінде бір ғана адам тұратын киіз үй болған. Киіз үйдегі қазақты жа­қындары «қасиеттімін, жынмен де тілге келе аламын» деп аласұрған соң аралға әкеліп тастаған көрінеді. Әбдіразақ деген әлгі қазақ аралдағы тылсымы мол тұман жөнінде әскерилерге көпте­ген мәліметтер беріп, оны зерттеуге жәрдем бергенге ұқсайды.

Дереккөзі : http://touring.kz
нравится:    5021
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Лина2016-03-14 20:20:49
    Оте кушти