19 Декабрь
04:03
Астана: -20 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Спорт
18 мамыр 17:55
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Барселона» 23-ші рет Испания чемпионы атанды
Каталониялық «Барселона» командасы Испания чемпионатының 37-ші турында сырт алаңда мадридтік «Атлетиконы» жеңіп, мерзімінен бұрын Испания чемпионы атанды. Мадридтегі «Висенте Кальдерон» стадионында өткен кездесу 0:1 есебімен аяқталды.


Матчтағы жалғыз голды Лионель Месси соқты.

Осылайша, аталмыш команда 23-ші мәрте Испания чемпионы атанды. Екінші орын алған Мадридтің "Реалы" "Барселонадан" төрт ұпайға қалып қойды.

Биылғы маусымда "Барселона" үш бірдей кубокты иеленуі мүмкін, чемпионаттың алтынына қоса, каталондықтар Испания кубогының финалына да шықты. Сондай-ақ, 6 маусым күні УЕФА Чемпиондар лигасының финалында итальяндық "Ювентуспен" ойнайды.
 
нравится:    820
Теги: Спорт жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии