17 Август
23:33
Астана: 20 °C
Алматы: 18 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Спорт
21 желтоқсан 09:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Барселона» әлемнің ең күшті командасы атанды
20-12-15-barselona-1

20 желтоқсан күні әлемнің клубтық чемпионаты финалында Испанияның «Барселона» футбол клубы Аргентинаның «Ривер Плейтін» 3:0 етіп ұттты. Бұл туралы «Лента.Ру» хабарлады.

Кездесу жапонның Йокогама қаласында өтті. Матчта Луис Суарес 49 және 68-минуттарда гол соғып, дубль жасады. Ал есепті 36-минутта Лионель Месси ашты. Осылайша Аргентина құрамасының үздік шабуылшысы өз отандастары жеңілісі негізін қалап берді.

«Барселона» осымен әлемнің клубтың чемпионатында үшінші мәрте жеңіске жетіп отыр. Бұдан бұрын ол 2009 және 2011 жылдары алтын тұғырдан көрінген болатын. Каталония клубы Испания чемпионатында 15 ойыннан кейін 35 ұпай жинап, Мадридтің «Атлетикосымен» бірге топ бастап келеді.

Ал Чемпиондар лигасының 1/8 финалында «Барселона» Лондонның «Арсеналымен» күш сынасады.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    904
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии