21 Август
12:30
Астана: 23 °C
Алматы: 21 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Спорт
14 тамыз 10:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Барыс» Қазақстан президенті кубогын жеңіп алды
 13 тамыз күні финалдық матчта Владивостоктың «Адмиралын» 3:2 етіп ұтқан Астананың «Барыс» командасы Қазақстан президенті кубогын жеңіп алды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.



Ойын Астананың жаңа мұз сарайында өтті. Ол Ресей мен Қазақстанның гимндері ойналуынан басталды. Осыдан кейін «Барыс» бірден алға ұмтылды. Алайда, «Адмирал» қақпасын қорғаушы Игорь Бобковтың керемет ойынының арқасында алаң иелері сол басымдықтарынан нәтиже шығара алмады.

Кездесудегі бірінші шайба тек екінші кезеңде ғана соғылды. «Барыс» осы жолы бұл турнирді бірінші рет бірінші болып есеп аша алды. Жақында команда тізгінін ұстаған Ерлан Сағымбаевтың шәкірттері қонақтарды жан-жақтан қыса түсті. Сондай шабуылдардың бірінде қақпа алдында шалттық танытқан команда капитаны Брэндон Боченски мергендігімен көзге түсті. Осыдан кейін астаналықтар алаңда азшылықта қалды. «Адмирал» сол сәттерде Константин Макаровтың шайбасы арқасында есепті теңестіріп үлгерді. Меймандан соның пәтімен тағы жорыққа шықты. Бірақ Ян Лацо бірнеше керемет сейвімен өз қақпасын аман сақтап қалды.

Бұдан кейін өз жанкүйерлерінің қызу қолдауына сүйенген «Барыс» ойын тізгінін өз қолына алып, шабуылды үстін-үстін жасауға көшті. Осы жөңкілулердің барысында «Адмиралдың» бір ойыншысы айдыннан қуылды. Соны тиімді пайдаланған қазақстандықтар ақыры бір шайба түсіре алды. Бұл жолы Талғат Жайлауовтан пас алған Евгений Рымарев шеберлік көрсетті. Сөйтіп, тағы алға шықты – 2:1! Дегенмен, «Адмиралға» таразы басын қайта теңестіруге оншалықты көп уақыт керек болған жоқ. Ресейліктер енді Максим Маминнің барын салуының нәтижесінде өз мақсаттарына жетті.

Кезеңнің соңында алаң иелері тағы да ойыншысының саны жағынан артық болып еді. Бірақ оны дұрыс пайдалана алмады.

Мұндай жағдай үшінші кезеңде екі жақта да кездесті. Сонда да есеп енді өзгерген жоқ. Осымен командалар матчты да бітірді. Тең есеп олардың овер-таймда қайта кездесулеріне апарып соқтырды. Онда Талғат Жайлауовтың берген шайбасын дәл түсірген Роман Старченко «Астананың» жеңімпаз атануына жол салып берді.

Еске сала кетейік, үшінші орын үшін таласта Ханты-Мансының «Юграсы» Новокузнецкінің «Металлургін» 1:0 етіп ұтты. Ойын тағдырын шешкен жалғыз шайбаны Игорь Бортников салды.

Финалдық матч соңында «Барысқа» Президент кубогын премьер-министр Кәрім Мәсімов тапсырды.
 
нравится:    757
Теги: Біздің мақтанышымыз,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии