|    |  
19 қараша 2019
10:08
қаз
​Бас сүйегі жарылып туған бала көмекке зәру
10 наурыз 2017, 16:07 49
Камбоджиялық Феактра Пов туғанда басында жарық болған. Бала өскен сайын басындағы туа біткен жарық та үлкейіп келеді. Бала басындағы жарыққа қазір әжесінің қолы сыйып кетеді екен.

 
 
Феактра Пов Ангкор Ватт ғибадатханасында
 
Бала өмірге келгенде жарық тым кішкентай болған. Не істерлерін білмеген дәрігерлер оны анасымен бірге үйіне шығарған. Қазір алтыға толған Феактраның басындағы жарық маңдайынан тас төбесіне дейін жетеді.
 
Ақ халаттылар бала бойындағы ауытқудың неден болғанын біле алмай әлек. Тек жүктілік кезінде анасы жарақат алған болуы мүмкін дейді. Анасы Срея оны 40 жасында дүниеге әкелген.
 


Қазір баланың анасы мен 67 жастағы әжесі Торг Хонг емге қажетті қаражат жинамақ. Десе де дәрігерлер қолдан келер қайранның аздығын айтады.  
 
Әжесі Торг Хонг Феактраны алып күн сайын Сиемреп провинциясындағы Ангкор Ватт ғибадатханасына келеді. Мұндағы мақсат ем-домға қаражат жинау.  Қайырымдылық ұйымдары баланың дәрі-дәрмегін алуға көмектесіп тұрады. Бірақ олар да, дәрігерлер де баланың өміріне араша түсуге қауқарсыз болып отыр.
 
Дереккөз: https://life.ru
 


Жаңалықтар