13 Декабрь
01:58
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Мәдениет
19 тамыз 14:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Башқұрт елінің «Əзірет Сұлтанға» сыйы


«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне Башқұртстан Республикасынан, Челябинск, Мәскеу, Ульяновск облыстарынан әлуметтік туризм бағдарламасы аясында мүгедектер қауымы келді.Мүгедектер қауымы музей аумағына Башқұртстан елінен әкелінген ерекше ағаш көшеттерін отырғызды. Атап айтсақ: «Салават Юлаев» мамыргүлі және «Уфимский пирамидальный тополь».






Бұл шараның мақсаты Башқұртстан елінің рухани дамуына өзіндік үлес қосқан Хусейн-бек бабаға алғыс білдіріп, еске алу.

Хусейн-бек баба XIV ғ. Басында ежелгі Яссы қаласындад үниеге келген. Ясауи бабаның жолын ұстанған Хусейн-бек XIV ғ. басында башқұрт жерлеріне ислам дінін тарату үшін жіберілген екен. Башқұрт елінде алғашқы имам атанған Хусейн-бек XIV ғ.  соңында қайтыс болып, Чишмы ауылында, Акзират көлінің маңында жерленген. Басына кесене тұрғызылған.

Айтулы шараға жетекшілік еткендер Башқұртстан Республикасының спорт министрлігі, ресей спорт мүгедектерінің одағы, спорттық туризм федерациясы.


«Уфа қаласының селекционерлері шығарған ерекше сорттағы бұл ағаштарды Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы тұрғындары атынан Қазақстан Республикасы «Әзірет Сұлтан» қорық музейіне сыйға берілді» деген арнайы тақтайша орнатылды. 

Дереккөзі: mks.gov.kz
 
нравится:    629
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии