|    |  
14 қараша 2018
13:50
қаз
​Басқаның әйелімен суретке түскен футболшыны бауыздап кеткен
07 қараша, 18:07 295
Бразилиялық футболшы Даниэль Корреа жантүршігерлік жағдайда қаза тапты.

 
 
24 жастағы футболшы 18 жастағы бойжеткеннің туған күніне шақырылған. Жастар туған күнді түнгі клубта атап өтіп, сауықтарын бойжеткеннің үйінде жалғастыруға келген. Даниэль Корреа туған күн иесінің ата-анасының жатын бөлмесіне барып, қыздың ұйықтап жатқан анасымен селфиге түскен. Және «әкесі жоқта анасының дәмін көргісі келетінін» айтып, достарына мақтанған. 
 
Бірнеше минуттан кейін бөлмеге әйелдің 38 жастағы күйеуі кіріп келген. Оның айтуынша ол келгенде футболшы әйелді зорламақ болып жатқан. Сол себепті ол футболшыны өлгенше сабап, денесін орманға апарып, тамағын орып, жыныс мүшесін кесіп алған.
 
Полиция ер адам мен қылмысты жасыруға көмектескен қызын тұтқындаған. Ал футболшының әйелмен жыныстық қарым-қатынасқа түспегені анықталған.
 





 
Дереккөз: КорреспонденТ
Жаңалықтар