11 Декабрь
17:21
Астана: -9 °C
Алматы: 0 °C
USD/KZT: 334.32
EUR/KZT: 392.29
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 50.53
Экономика
4 қыркүйек 12:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баспана бағасы 2016 жылдың соңына қарай 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін
«Теңгенің еркін айналымға түсуі тұрғын үй нарығына әсер етпей қоймайды. Баспана бағасы 2016 жылдың соңына қарай 20 пайызға дейін төмендеуі мүмкін». Отандық сарапшылар осындай пікірде деп хабарлайды Астана арнасы.

«Қазақстан 2050» қозғалысының сарапшылық клубы өткізген отырыста тұрғын үй нарығындағы жағдай жан-жақты талқыланды. «Қазір сатушылар да сатып алушылар да әліптің артын бағып отыр», – дейді жылжымайтын мүлік нарығын зерттеп жүрген сарапшы Анна Шацкая.

Сонымен қатар маман ипотекалық несиелер барған сайын қолжетімсіз бола түседі деген пікірде. Өйткені банктер талаптарын одан әрі қатаңдатуы мүмкін.


“Нарықта қазір шок жағдай қалыптасты. Сатушылар да, сатып алушылар да әліптің артын бағып отыр. Валютаның жаңа бағамын түсініп, үйренгенше, уақыт кетеді. Келісімшарттар айтарлықтай азайды. Кейбірі орта жолда үзіліп жатыр. Доллармен қойылатын бағалар төмендейді. 2016 жылдың соңына қарай 20 пайызға құлдырайды. Біздің ортақ болжамымыз осы” , – деді жылжымайтын мүлік порталы сараптама бөлімінің жетекшісі Анна Шацкая.

Ал «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» доллар бағамының ауытқуына байланысты ұтылған салымшыларына өтемақы береміз деп отыр. Елбасы тапсырмасы бойынша қазір бұл істің арнайы механизмдері пысықталып жатқан көрінеді.

“1 млн-ға жетпейтін салымшылар саны салымдары 415-416 мыңдай болады. Елбасы тапсырма берді, 1 миллионнан асқан салымдар болса, біздің банкте ол механизм дайындалып жатыр. Ол механизм жақын арада дайын болады, деп ойлаймыз. Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерде жатқан салымдарын 1 млн теңгеге дейінгі депозиттерді өтемақы жасайтын механизмді әзірлеп енгізу керек, – деген түсініктеме берді Ербол Қарашүкеев.

Дереккөзі: Астана телеарнасы
нравится:    868
Теги: Нарық және тұрмыс,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии