Әлем жаңалықтары
11 қыркүйек 09:32
Басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер етеді - ғалымдар

АҚШ ғалымдары басшылар өз қоластында қызмет ететін адамдарға жұмсағырақ қатынасқаны жөн деген қорытындыға келді. Олай істемеген жағдайда қызметкерлерде ішкі қарсылық туындап, соның салдарынан жиі ауыратын болады-мыс. Зерттеу - басшының мінезі қызметкердің денсаулығына әсер ететінін көрсеткен.

Зерттеуге 220-дан астам адам қатысқан. Ғалымдар олардың оған дейін қанша рет және қандай аурулармен ауырғанын, басшыларымен қандай қарым-қатынаста болғанын зерттеген. Нәтижесінде басшысы қатал қызметкерлердің жиі ауырғаны белгілі болған, деп жазады argumenti.ru. 

 ҚазАқпарат

 

 

Комментарии




Яндекс.Метрика