18 Октябрь
09:43
Астана: 9 °C
Алматы: 9 °C
USD/KZT: 333.53
EUR/KZT: 392.10
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.40
Әлем жаңалықтары
26 шілде 10:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Батыр тойына бәсіре-кітап


Тұраннан – тұңғыш, Алаштан – алғашқы, исі қазақта – бірінші, көк түріктің көкжал Тоқтарына бәсіре-бітік (кітап) оқырманға жол тартты!
Тоқтардың мерейлі жетпіс жасына облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің Бас редакторы, қайраткер қаламгер Мағауия Сембайдың идеясы негізінде, редакциясының ұжымы демеушілігімен «Наркескен» атты кітап сыйға тартылды. 
Кітапта – халқымыздың біртуар асыл перзенті, дәуірдің алып тұлғасы, тұңғыш қазақ ғарышкері, хас батыр, даңқты сынақшы-ұшқыш, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры – Тоқтар Әубәкіров туралы терең толғаулар мен тұшымды мақалалар топтастырылған. 
Белгілі жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің батырды елге алғаш таныстырған «Батыр қазақ» атты тұңғыш мақаласынан бастап, қарымды қаламгер-журналистер Қайнар Олжай, Мағауия Сембай, Нұртөре Жүсіп, Талғат Сүйінбай сынды бірнеше авторлардың мақалалары қайта басылып, оқырман назарына ұсынылып отыр.
Сондай-ақ, атақты сынақшы-ұшқыш В.Меницкийдің Тоқаң жөніндегі ескірмес естелігі қазақ тілінде, ал, Мағауия Сембайдың «СССР Тоқтарға қарыз» атты мақаласы ағылшын тілінде жарық көргенін де айта кеткен жөн.
Кітап екінші бөлімдегі атайы ақын Серік Ақсұңқарұлының "Алашым менің – Аспанда" өлеңімен, белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлының "Ғарыш-Қазақ" атты поэмасымен мазмұнды шыққан.
Кітап Қарағанды қаласының «Тенгри» баспаханасында қатталған. 

Мирас Асанның facebook-тегі парақшасынан алынды
нравится:    628
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии