22 Ноябрь
09:44
Астана: -7 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
18 мамыр 16:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Батырхан Шүкенов тыңдармандарымен мәңгіге бірге
Батырхан Шүкенов тірі болса 53 жасқа толар еді...
Батырхан Қамалұлы Шүкенов 1962 жылы 18 мамырда Қызылорда облысында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясын бітірген. Әнші, композитор.



1982 жылдан Роза Рымбаеваны сүйемелдейтін «Арай» тобына кірді. 1987 жылы «Алматы» тобын құрады. Кейіннен ол «Алматы-Студио» тобы болып қайта құрылды. 1989 жылы өзінің атақты «Джулия» деп аталатын хитын жазды. Осы жылы «А Студио» Алла Пугачеваның «Рождестволық кештер» әш кешіне қатысқаннан кейін ансамбль атағы бұрынғы Кеңсе одағы аумағында танымал болды.
 
Әнші 2002 жылы Қазақстанға оралып, өзінің алғашқы «Отан ана» атты жеке альбомын шығарды.
 

2007 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет жөніндегі кеңесшісі болды.
 
 
2009 жылы ЮНИСЕФ ерікті елшісі.
 2010 жылдан бастап Алматыдағы Қайырымдылық балы комитетінің құрметті мүшесі болды.
2010 жылы Батырхан Шүкеновтың «Осторожно, милая девушка!» атты төртінші ән таспасы шығады.

 


Дәл сол жылы  «Всё пройдёт…» альбомы тыңдармандардың назарына ұсынылады.



2013 жылы «Душа» альбомы шығады.



Дәл осы жылы Батырхан «Россия 1» телеарнасының «Живой звук» шоуының жеңімпазы атанады.




Батырхан Шүкенов «Россия 1» телеарнасындағы «Один в один» телешоуына қатысып, көрермендердің есінде басқа бейнелерге жарқын енуімен есте қалды. Ол Луи Армстронг, Лучано Паваротти, Юрия Антонова, Мурата Насыров, Леонида Агутин, Кола Бельд, Владимира Шахрин, Лиз Митчелл, Сезарии Эвор , Владимира Кузьмин және Тыниса Мяги сынды тұғалар бейнелеріне еніп, өнер көрсеткен болатын.


Батырхан Шүкенов 28 сәуірде жүрек талмасынан қайтыс болды. Марқұмның денесі Мәскеуден Алматыға жеткізіліп, оны мыңдаған халқы арулап ақтық сапарға шығарып салған еді.


Алматыда 2015 жылдың 1-мамырында Батырхан Шүкеновті еске алу қабырғасы пайда болды. Оның портреті салынған граффитиді Арбат ауданындағы Панфилов көшесі, 101-үйден көруге болады. Мина Бакарасова Батырхан Шүкеновтің портретін қабырғаға салушы бір топ ерікті суретшілерге бастамашы болды.
нравится:    872
Теги: Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии