21 Ноябрь
23:09
Астана: -12 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 330.29
EUR/KZT: 387.27
RUB/KZT: 5.56
CNY/KZT: 49.80
Мәдениет
13 қыркүйек 18:50
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Батырхан Шүкеновке арналған фотокөрме ашылады



Алматыда 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында әнші, композитор, музыкант Батырхан Шүкеновті еске алуға арналған  фотокөрмесі өтеді. Шара «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының қолдауымен ұйымдастырылып отыр. Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында “Батырхан Шүкенов атындағы қор” қоғамдық қорының директоры әрі Батырханның досы Олжас Байқанов мәлімдеді.

“Құрметті достар, Батырхан Шүкенов атындағы қорымыз белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. “Самұрұқ-Қазына” қорының қолдауымен 15 қыркүйек пен 15 қазан аралығында Алматы қаласында Батырханға арналған фотокөрме өтеді. Көрменің қызықты болатынына сенімдіміз. Дизайн жұмыстарымен танымал және креативті суретші, Батырханның досы Нұрлан Төреханов айналысып жатыр.

Негізінен Қазақстанның үздік суретшісі Николай Постниковтың жұмыстары қойылады. Арасында “Джулия” фильмінің түсірілімі кезіндегі суреттер де болады. Көрмеге кіргізілу тегін. Сол себепті барлықтарыңыз келеді деген үміттеміз”, – дейді Олжас Байқанов.



Айдар Жанай
нравится:    1337
Теги: Театрлар, мұражайлар, көрмелер, kazinform,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии