24 Август
03:10
Астана: 13 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Мәдениет
8 қазан 14:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Батырхан Шүкеновке арналған «Жаңғырық» бейнебаяны таныстырылды (видео)
Бүгін Gakku телеарнасының сайтында Әли Оқаповтың Батырхан Шүкеновке арнаған «Жаңғырық» композициясы бейнебаянының көптен күткен премьерасы болып өтті.



Еске сала кетейік, әннің өзі және бейнебаянның тизері бір апта бұрын шыққан.

«Жаңғырық» композициясын әнші шығармашылығын сүюшілердің көбі күткен. Әли Оқапов пен Батырхан Шүкеновтың бірігіп ән жазбақ екені көктемде белгілі болған. Бірақ қайғылы оқиғаға байланысты бұл жұмыс аяқталмай қалды. 

«Мен бірлесіп ән жазуды ұсындым, ол келісті. Мәскеудегі жаңа студиясының фотосуреттерін, адамдардың байланыс нөмірлерін жібере бастады. Маған: «Жұмыс жасайық, бұл қызықты болады» деді. Өкінішке қарай, барлығы демо-нұсқасында қалды. Біз вокалды жазып үлгермедік. Шағын бірдене болса да, одан ән шығарар едім. Істі бастаған соң, ол Батырға ұнаған соң, мен бұл әнді аяқтап, оған арнаймын», - деді Ә.Оқапов Gakku телеарнасына берген сұхбатында. 

Идеяның авторы - Исраил Сапарбаев, композиторлары Шырын Базарқұлова мен Әли Оқаповтың өзі болды. 

Бейнебаянға Батырдың достары - Роза Рымбаева, Болат Сыздықов, Ренат Ғайсин, Ділназ Ахмадиева, Мақпал Исабекова және JSC тобының солисі Абай Рақышев түскен.

Бейнебаянды жасаушылар Батырхан Шүкенов атындағы қорға ұсынған материалдар мен көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.



Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    869
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии