17 Август
14:02
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
29 маусым 11:36
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Батырхан Шүкеновтің жаңа бейнебаяны EMA-2017 сыйлығына ұсынылды
Марқұм Батырхан Шүкеновтің "Нас исцеляет любовь" бейнебаяны  MuzZone арнасының EMA-2017 музыкалық сыйлығына ұсынылды.


 
Батырхан Шүкенов атындағы қордың директоры Олжас Байканов Facebook-тегі парақшасында: «Құрметті достар! Батырдың "Нас исцеляет любовь" деп аталатын жаңа бейнебаяны EMA-2017 сыйлығына ұсынылды. http://muzzone.tv/ema сілтемесі бойынша оған дауыс беруге болады»-деп жазды.
 
Көпшілік біле қоймайтын «Нас исцеляет любовь» деп аталатын туындыны әншінің өзі жазған. Бірақ аяқтап үлгермеген. Достары мен әріптестері әншінің аяқтай алмай кеткен туындысына бейнебаян түсірген. Ән әншінің 55 жылдық мерейтойына арналып отыр.


 
ЕМА Еуразиялық музыкалық сыйлығы немесе EMA Eurasian Music Award — музыка саласы бойынша Орталық Азиядағы жалғыз сыйлық. 2009 жылдан бері Орталық Азиядағы MuzZone музыкалық телеарнасының сыйлығы ретінде беріліп келеді.  

нравится:    73
Теги: Музыка, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии