|    |  
23 тамыз 2019
05:24
қаз
Бауырдан дайындалған котлет
21 сәуір 2017, 16:21 2358

Бауырдан дайындалған кез келген тамақ дәмді әрі тез жасалады. Бүгін бауырдан пісірілетін котлеттің дайындалу мәзіріне тоқталамыз. 

Ендеше алдымен сізге керек азық-түлік: 

● Бауыр — 500 г
● Пияз — 2 дана
● Жұмыртқа — 2 дана
● Ұн — 0,5 стақан
● Қаймақ — 2 ас қасық
● Тұз бен бұрыш өз қалауыңызға сай

Дайындалуы: 

Алдымен бауырды таза суға жуу керек. Сосын сыртындағы кленкасын алып тастап, бірнеше бөліктерге бөліп тураймыз.
Бауыр мен пиязды еттартқыштан өткізіміз.
Енді оған ұн, қаймақ және жұмыртқаны қосамыз.
Барлық заттарды араластырып тұз бен бұрышты қосыңыз. Ол қою қоспаға айналуы керек. Онан соң табаға 2 ас қасық болатындай өсімдік майын құйыңыз. Бауырдың котлетін қасықпен орташа темперетурадағы табаға салып қуырып алу керек.

Астарыңыз дәмді болсын!

http://ikerim.kz/2017/01/18/bauyrdan-daiyndalgan-kotlet/

 


Жаңалықтар