20 Октябрь
03:44
Астана: 5 °C
Алматы: 8 °C
USD/KZT: 334.11
EUR/KZT: 394.65
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.46
Әлем жаңалықтары
9 қыркүйек 16:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бауыржан Байбек айына қанша жалақы алады?


Бүгін Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң журналистерді Алматы әкімінің айына қанша жалақы алатыны қызықтырған. Бұл туралы bnews.kz хабарлайды.

“Айына 600 мың теңгеге жуық айлық аламын. Бұл үкімет бекіткен дәстүрлі кесте бойынша. Бұл жерде ешқандай құпия жоқ”, – деді әкім.

Бұған дейін айына қанша жалақы алатындарын Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасырмай айтқан болатын. Өңір басшысы айына 863 мың теңгені қалтаға басады екен. Ал орынбасарлары Ғали Ысқақов – 461 мың, Жаңабай Бексары – 503 мың, Асқар Биахметов – 507 мың, Асқар Шериязданов – 511 мың, Мұхтар Жұмағазиев – 518 мың теңге алады.

Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Еспенбетов айына 451 мың теңге жалақы алады. Орынбасар міндетін атқаратын Жандос Байырханов 194 мың, Қуантхан Әлімов 203 мың, Нағымжан Алдияров 194 мың алса, Мадияр Қабылдың жалақысы 199 мың теңге болып бекітілген. Бұл ретте Ақтөбе әкімі аппаратының басшысы Қайрат Райымқұловтың айлығы –  161 мың теңге.

Аймақ басшыларының ішіндегі ең жоғарғы жалақы Қарағанды облысының әкімі Нұрмұханбет Әбдібековке тиесілі: ай сайын 953 мың теңге. Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жалақысы Бауыржан Байбекпен бірдей, 600 мың теңге.



Дереккөзі: bnews.kz
 
нравится:    1357
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии

  • Шамшия2016-09-10 09:04:19
    Олар не аткарып жатыр сондай айлык алатын. Мурнымен жер казып жатырмекен?