Кербез
17 қыркүйек 15:37
Бауыржан Исламхан үйленді

Қазақ футболының жарық жұлдызына айналған алматылық “Қайраттың” футболшысы Бауыржан Исламхан шаңырақ көтерді. 

Белгілі болғандай футболшының қалыңдығы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Еркежан Талғатбекова есімді ару.  Бір ай бұрын Бауыржан Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде “Қайраттың” франциялық “Бордоны” жеңген күні сүйіктісіне ұсыныс білдірген еді. Матч соңында ортаға сүйіктісін алып шыққан соң, ойынның есебін көрсететін таблодан “Маған тұрмысқа шықшы” деген жазу шыққан. Ал Еркежан “Ия” деп жауапты көп күттірмеген болатын.

Осындай салтанаттың соңы тойға ұласып отыр. Екі жасқа бақыт тілейміз. Қол ұстасып, бірге қартайсын дегіміз келеді.

Дереккөзі: juldyz-alem.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика