|    |  
25 маусым 2019
12:49
қаз
​Баян Алагөзова «Алау» тобын не себепті таратқанын айтты
29 мамыр 2019, 16:39 114
Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Алау» тобын таратқанын мәлімдеді. Бұл туралы «Алау» тобының ютубтағы парақшасында сұхбаты жарияланды.


 
«Алау» о баста жоспарланбаған. Тек «Жанды дауыс» жобасында қатты ұнап қалды. Жігіттер адам ретінде де жақсы еді. Оларға жаным ашып, оларға ұсыныс жасадық. Мен оларға дейін ұлдармен жұмыс істемегенмін. «Алаумен» бірге үш-төрт жыл жұмыс істедік. Жақсы уақыттарды бірге өткіздік. «Алау» менің ең сүйікті жобам. Ешқашан көңілімді қалдырған жоқ. Бірақ мен қыздарды сезінгендей, ұлдарды сезіне алмайтынымды кеш түсіндім. Бар себеп осы ғана. Сол себепті таратуға тура келді»-дейді продюсер.


 
Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар