|    |  
23 қыркүйек 2019
12:01
қаз
Баян Алагөзова Ермек Тұрсыновтың сынына жауап берді
09 қыркүйек 2019, 18:29 160
Режиссер Ермек Тұрсынов пен Баян Алагөзованың арасында тағы дау туындады. Даудың басы Ермек Тұрсыновтың фейсбук желісіндегі парақшасына жазған постынан басталған. Онда режиссер өнер мен қоғам мәселелері жайлы айта келіп, Баян Алагөзованы мысал ретінде тілге тиек еткен.



«Тұйық шеңбердеміз. Кембағал, әлсіз шығармашылық интеллигенция мен бергенді «жұта» беретін талғамсыз көрермен (тыңдарман, оқырман. Бүгін Баян Есентаева, Қайрат Нұртас, Төреғали сынды адамдар Қазақстан мәдениетінің маңдайалды тұлғаларына айналды. Біздің мәдени қозғаушы адамдарымыз осындай болса, біз қандай халықпыз?»-деп жазған режиссер.


 
Баян Алагөзова бұл сынды жауапсыз қалдырмаған. Продюсер өзінің инстаграмдағы парақшасында жауап жазған.
 
«Мені тұтас ұлтты кері кетіруші атағаны қандай құрмет! Тұрсынов мырза, сіз көп жылдан бері менің ар-абыройыма нұқсан келтіріп келе жатырсыз. Менімен және менің шығармашылығыммен сонша күресетіндей не көрінді? Сізге тұтас ұлтты сөгуге кім құқық берді? Сіздің менің бірде бір картинамды көрмегеніңізге күмәнім жоқ. Сіз оның орнына қоғамдық кеңесте сыбайлас жемқорлық мәселелерін шешіңіз. Сондай батыл болсаңыз саяси тұтқындарды босатыңыз, барлық бақытсыз аналарды, балаларды, мүгедектерді әлеуметтік кепілдіктермен қамтамасыз етіңіз, фабрикалар мен зауыттар салыңыз, жұмыс орындарын құрыңыз және деградацияға ұшыраған ұлттан олардың алаңға неге жиі шығатынын сұраңыз. Содан кейін ғана біздің ұлтты өз фильмдеріңіздің эстетикасына үйретіңіз. Мен сіздің картиналарыңызды көргенмін. Маған өзгенің атағын, таланты мен жетістігін қабылдау жеңіл. Мен фамилиямды өзгерткенмін, келесі жолы мұқият болыңыз»-деп жазған.



Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар