17 Декабрь
10:16
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Мәдениет
18 маусым 17:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баян Есентаева «Лашын» тобының стилін сынағандарға «назын» білдірді
Баян Есентаева «Лашын» тобының стилін сынағандарға «назын» білдірді


Танымал продюсер Баян Есентаева «Лашын» тобының «стилі жоқ» деп сынаған көпшілікке өз Instagram парақшасында жауап қайтарды. 


«Жұрттың бәрiнiң көңiлiнен, талғамынан шығу мүмкiн емес. Сыншыл, мiншiл, күншiлмiз, ендi амал жоқ. Дегенмен, айтарым бар, датым бар, назым бар. Бұл жолы «Лашын» жайлы! Сонымен, менiң оқырмандарым бұл топтың стилi жоқ, бiр-бiрiне ұқсайтын клип түсiрiледi дейдi. Шынымды айтсам, мен түсiнбеймiн сiздердi, жоғарыдағы коллаж сiздерге арналады, айырмашылықты көрерсiздер. Соңғы түсiрiлiп жатқан клипке келсек… костюмдердiң авторы Айя Бапани, бұл эклектика, яғни шебердiң көзiмен жасалған қазақы образ! Бастарындағы темiрдiң негiзi «сауыттан» алынды. Қазақтан талай батыр қыз шыққанын, сауыт кигенiн ұмытпайық. Жалпы, айтарым көп… түсiнген адамға жетедi деп ойлаймын!», — деп өз пікірін білдірді продюсер.
Баян Есентаеваның өз жазбасына қоса тіркеп, жүктеген фотоколлажын назарларыңызға ұсынамыз.
 
 Дереккөзі:nur.kz
нравится:    1496
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии