17 Август
11:55
Астана: 17 °C
Алматы: 19 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Мәдениет
8 маусым 09:05
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Баян Есентаева “Муз ТВ” арнасының директорын мұқият болуға шақырды
Продюсер Баян Есентаева «Инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында «Муз-ТВ» телеарнасының Бас директоры Арман Дәулетяровтың оған «жақсы ән тыңдасын» деген жауабына қатысты өз пікірін білдірді.



“Арман Дәулетияров пресс-конференцияда маған «жақсы ән тыңдасын» деп кеңес біріпті. Рахмет, Арман. Тамаша кеңес, бірақ сәл кешігіп жеткені болмаса. Мен музыканттар отбасында дүниеге келгенмін. Мен қандай әндерді тыңдап өсті деп ойлайсыз? Ес білгелі жата жастана тыңдаған әншілерімді тізіп көрейін: Стиви Уандер, Уитни Хьюстон, Билли Холидэй, Дайана Росс, Элтон Джон, Майкл Джексон, бұл мен тәулік бойы жалықпай тыңдаған әншілерімнің бір парасы ғана. Оның барлығы бекер емес деп те ойлаймын, оны менің жетекшілігіммен шығып жүргендердің шығармашылығынан байқауға болар”, – деп жазады продюсер.

Баян Есентаева Арман Дәулетияровқа әншілердің шығармашылығымен кеңірек танысуға кеңес берген.

“Бірақ сіз оны қайдан білесіз? Жақында ғана сіздің бір сұхбатыңыздан бізден тек Л дуэетін ғана блетініңізді оқыдым. Өкінішті-ақ. Мен сізге біздің әншілердің шығармашылықтарымен жан-жақты танысыңыз деген кеңес бергім келеді. Олардың ішінде кәсібилері де, таланттылары да бар. Мен сізге сәттілік тілеймін. Биылғы кеткен кемшіліктерді ескеріп, келесі жылы барлығын жан-жақты ойластырасыз деп ойлаймын. Оқырмандарыма айтарым, бұл жазбамды арандату деп қабылдамаңыздар. Мен Арманды және оның еңбегін сыйлаймын. Барлығыңызға жақсылық пен бейбітшілік болсын!» деп жазған Есентаева.
нравится:    1172
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии