20 Сентябрь
04:34
Астана: 7 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 340.95
EUR/KZT: 408.73
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.80
Мәдениет
16 қыркүйек 17:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баян Есентаева жаңа телехикаяның тұсаукесер рәсімін өткізді (фото)

Фото: “Хабар” телеарнасы


Алдағы дүйсенбіден бастап қазақстандықтар отандық жаңа телехикаяны тамашалай алады. “Esentai production” продюсерлік орталығы мен “567 Creative Laboratory” бірігіп түсірген «Өгей жүрек» телехикаясының тұсауы кесілді.

Фильмнің бас продюсері Баян Есентаева кейіпкерлермен бірге ел алдына шығып, тұсаукесер рәсімін өткізді. Телехикаяның алғашқы бөлімінің алдын ала көрсетіліміне БАҚ өкілдері, блогерлер, актерлер құрамы мен түсірілім тобы қатысқан еді.



Баян Мақсатқызы өз сөзінде бұл өзі етене араласпаған алғашқы жоба екендігін атап өтті.
«Бұл мен қатыспаған алғашқы жоба. Солай болып қалды. Фильмге өте тамаша актерлер түскенін айтқым келеді. Осы телехикаяны көргеннен кейін көптеген жандардың жүрегінде мейірім оты оянып, бұл мәселеге назар аударылады деп үміттенемін», – дейді Есентаева.





«Хабар» телеарнасының тапсырысымен түсірілген фильм дүниеге келмеген сәбиінен айырылып қалып, соның салдарынан қатыгез әрі суық әйелге айналған Бибігүл жайында әңгімелейді. Алайда ата-анасыз қалған балалар бақытсыз әйелге «ана» болу бақытын сыйлайды.



Жетімдер проблемасын сөз еткен телехикаяның режиссері Ернар Нұрғалиев. Ол бұған дейін «Махаббатым жүрегімде 2», «Зәуре» телехикаяларында жұмыс істеген.



Фильм саундтрегін “Алау” тобы орындайды.

Айта кетейік, Есентаева бұған дейін де жетімдер проблемасын сөз ететін “Ғашық жүрек” фильмі мен дәл осы атаумен телехикая түсірген болатын.



Дереккөзі: http://stan.kz
нравится:    1659
Теги: Кино және ТВ,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии