|    |  
14 қараша 2018
15:56
қаз
Баян Есентаева Жарқынай Ханайымның әнін одан асырып орындаған адамға 100 мың теңге бермек
04 сәуір, 12:02 1304
Танымал қазақстандық продюсер Баян Есентаева өзінің Инстаграмдағы парақшасында тағы да музыкалық конкурс жариялады. 




Бұл жолы ол Жарқынай Ханайымның әнін одан асырып орындаған адамға 100 мың теңге бермек.



«#Жарқынайданасырыпайт атты конкурс жариялаймын. Осы әнді орындаған өз нұсқаларыңызды жолдаңыздар да, 100000 теңге сыйақы ұтып алыңыз! Оған қоса Жарқынай екеуімізбен бірге кешкі ас ішуге мүмкіндік аласыздар. Конкурс нәтижесін 10 күннен кейін жариялаймын», - деп жазды Б.Есентаева әлеуметтік желіде.
Айта кетейік, бірер күн бұрын продюсер Жарқынай Ханайымның бейнебаянын таныстырған болатын.


Дереккөзі: Қазақпарат
Теги: Музыка
Жаңалықтар