18 Август
01:19
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Мәдениет
13 маусым 15:27
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баян Есентаеваның күйеуі 2 айға қамалды
Белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев екі айға қамалды. Оған кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылды. Бұл туралы  сот отырысына қатысқан Today.kz  хабарлады.

430314c8-7392-4f74-87b6-b490f95347e4

10 маусым күні Баян Есентаева ауруханаға жеткізілген. Продюсер қатты соққылар алған, оның жағдайы ауыр тұрақты деп бағалануда. Ал продюсерді соққыға жықты деп оның жолдасы Бақытбек Есентаев айыпталуда. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары ҚР ҚК 106 бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша жүргізілуде.

Белгілі болғандай оқиға болған кезде Бақытбек Есентаев мас болған. Қазіргі кезде Баян Есентаеваның жағдайы жақсарып келеді. Ол есін жинады және сөйлей алады. Продюсердің өміріне алаңдағанқазақстандықтар әлеуметтік желіде оны қолдау үшін топ құрған.

Айта кетейік, WhatsAppта және әлеуметтік желіде Баян Есентаеваның реанимацияда жатқан суреті тарап жатыр. Баян Есентаеваның туысы болып келетін Бағым Мухитденова сурет авторы “өзінің лайықты жазасын” алатынына сенімді.
нравится:    1805
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии