|    |  
18 қараша 2018
19:16
қаз
Баян Мақсатқызы Мөлдір Әуелбекованы ашық жекпе-жекке шақырды
09 ақпан, 09:41 606
Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы жобасы Мөлдір Әуелбекованы ашық жекпе-жекке шақырды.



Бұған дейін Мөлдір Әуелбекова «КешYou» тобында ән салып жүргенде продюсерлері Баян Алагөзованың өздерін ашық-шашық киінуге мәжбүрлегенін,  сол үшін топ құрамынан үш рет кетіп, үш рет қайтып барғанын, өзінің талабы бойынша қыздар жабық киіне бастағанын айтқан болатын.
 
Продюсерді осы сұхбат ашуландырса керек, ашынған кейпін жасыра алмай, желідегі парақшасында Мөлдірді жекпе-жекке шақырған. Продюсер әншіге бұқаралық ақпарат құралдарының алдына бірге шығып, бір-біріміздің көзімізше сұхбат берейік дейді.
 
«Мөлдір, қызым менің, мұны рас айтып отырсың ба? Жұмыс істеген кездер, қайтып келуің және тағы басқаларға келгенде қиялың ұшқыр екен. Мұнша «әдемі сайрар ма едің». Мүмкін бірге сұхбат берерміз. Көзіме қарап тұрып, бәрінің шын мәнінде қалай болғанын айтарсың? Сөйтейік, барлығын өзім ұйымдастырамын. Қандай БАҚ-ты шақырайын?  Уәде беремін, бәрі жақсы болады»-деп жазған желіге.
 
Мөлдірдің тарапынан бұл мәлімдемеге әлі жауап жоқ.
 

Молечка, девочка моя, ты это серьезно??? Да ты фантазерка талантливая моя ???? просто умница, особенно о своих условиях, и возврате, и многом другом. Ну надо же так «красиво петь» может вместе интервью дадим и расскажешь мне глядя в глаза, как все было на самом деле? ???? давай Молечка, я сама все устрою, с каким из СМИ договорится? ???? будет супер, обещаю ???? все же надеюсь, что это СМИ приукрасили, и весь опубликованный бред окажется неправдой?! ????

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)


Дереккөз: Reactor
Жаңалықтар