18 Август
01:18
Астана: 18 °C
Алматы: 15 °C
USD/KZT: 332.68
EUR/KZT: 389.40
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
31 шілде 10:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Баян Мақсатқызын Жазушылар одағына мүшелікке қабылдау ұсынылды
«Баян Есентаеваны Жазушылар одағына мүше етіп алу керек!». Журналист Махамбет Ерғали Нұрлан Оразалинге дәл осындай ұсыныс жасады. Бұл ойын автор facebook желісіндегі парақшасына жазған. Журналистің жазбасынан кекесін байқауға болады.


 
«Құрметті Нұрлан Оразалин мырза! Мен сізге бір ұсыныс айтқым келіп отыр. Баян ЕСЕНТАЕВАНЫ Жазушылар одағына мүшелікке қабылдасаңыздар. Біріншіден, бүгінде Жазушылар одағы деген аты ғана қалды ғой. Соңғы кездері жазушылардың өзара қырқысқан, жауласқан айқау-шу мақалаларын ғана оқып жүрміз. Нақты жұмыс істеп жатқан болар, алайда біз, қарапайым оқырман, ол туралы естіп жүргеніміз жоқ. Қаптаған мүшәйра мен сыйлық. Және байқасам көбінде сол бір адамдар айналып кеп ала береді. Екіншіден, бірде бір жазушының кітабы осылай сұранысқа ие болмады. Одақтың аты шығады. Онсыз да одақта не көп мүше көп. Соның бәрі мықты жазушы дегенге өзіңіз де сенбейтін шығарсыз. Есентаеваны мүше етіп, өзіңізге орынбасар ма, әлді хатшы етіп пе алсаңыз, тым құрыса, одақ туралы еститін боламыз ғой»-дейді.


 
 
нравится:    240
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии