|    |  
17 желтоқсан 2018
21:45
қаз
Баян Мақсатқызының кеңсесіне ұры түсіп, құжаттарын қолды етті
12 қаңтар, 09:38 151
Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында өз компаниясының кеңсесіне ұры түсіп, құжаттарын қолды еткенін жазды. Продюсердің айтуынша ұрылар қымбат аппаратуралар мен қымбат костюмдерге тиіспеген.


 
«Кеше түнде менің компаниямның кеңсесіне белгісіз адамдар кіріп, құжаттар салынған папкаларды ұрлап кетті. Аппаратура, компьютерлер мен костюмдерге тиіспеген. Мен бұған уайымдамаймын, өйткені бұны жасаған адамдар жақсы нәрседен басқа ештеңе таппайды. Сіздер қаншама уақыт жұмсап, жақсы аудиторларды шақырып, жақсы ақша төлей аласыздар. Бірақ бәрі бекер. Мен адал жұмыс істеймін. Сіздерді табу үшін бар күшімді саламын және бұл қылмысқа тапсырыс берген адам ерте ме, кеш пе анықталады. Дегенмен менің ол адамның кім екеніне болжамым бар»-деп жазған продюсер.
  
Желі қолданушылары бұл қылмыстық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сериалына қатысты ұйымдастырылған болуы мүмкін екенін, тіпті продюсердің өз былықтарын жабу үшін ойлап тапқан амалы болуы мүмкін екенін айтып жатыр. Бұған дейін осы сериалда басты рөлді ойнаған бойжеткеннің лауазымды шенеуніктің қызы екені, сол үшін шенеуніктің продюсерге 800 гектер жер сыйлағаны туралы ақпарат тараған болатын. 
 

Вчера ночью, в офис моей компании проникли люди, как выяснилось, вся аппаратура, компьютеры и костюмы остались не тронутыми, люди украли папки с документами. Нет, я нисколько не переживаю, потому, что люди, которые это сделали, ничего плохого, кроме хорошего не найдут. Вы можете потратить кучу времени, пригласить лучших аудиторов, заплатить хорошие деньги зря. Я работаю честно! И приложу все усилия, чтобы вас нашли ☝️и кто заказал данное преступление, рано или поздно станет известным. Хотя предположения у меня, конечно имеются...

Публикация от Bayan Maxatkyzy Alaguzova (@bayanmaxatkyzy)


Дереккөз: Reactor


Жаңалықтар