19 Октябрь
18:44
Астана: 5 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Әлем жаңалықтары
12 шілде 10:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баян-Өлгей аймағындағы үйлерді сел шайып кетті (ФОТО)


10-11 шілде күндері Моңғолияның қазақтар шоғырланып қоныстанған Баян-Өлгейдің орталығы Өлгий қаласында көп мөлшерде бұршақ жауып, соның салдарынан сел ағып, 130-ға жуық үйді шайып кеткен.

Ресми емес мәліметтер бойынша селдің салдарынан 2 ересек адам және 4 бала қаза тапқан. Аймақ билігі ешқандай ресми ақпарат таратпағандықтан, әзірге оқиғадан зардап шеккендер туралы нақты мәліметтер жоқ.

Табиғи апат қаланың екі ауданын қамтыған. Қалалық әкімшілік дер кезінде жұмылдырылған құтқарушылардың көмегімен селді басқа арнаға бұрып үлгерген. Аймақ орталығында орналасқан 6-шы және 9-шы аудандар аумағында жүрген селдің зардаптарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Әкімшілік қала тұрғындарын көшіріп, қайтадан су басу қаупі бар деген жерлерде тұрған үй иелеріне қауіпсіз жерлерден орын беріп, тұрғындарды киіз үйге орналастыруда.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, 6-шы ауданнан 7 үй, 9-шы ауданнан 120-дай үй пайдалануға мүлдем жарамсыз болып қалған.

Дегенмен, қала билігі әзірге төтенше жағдай жариялаған жоқ. 


























Фотолар әлеуметтік желідегі  Amantai Shamshii парақшасынан алынды.
 
нравится:    2338
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии