12 Декабрь
10:22
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
19 ақпан 15:37
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Баянауылда туристерді қабылдауға дайындық басталып кетті

Баянауыл ұлттық паркі жаңа маусымға дайындықты жылдағыдан ерте бастады. Оның өзіндік себептері бар. Павлодар облысы еліміздің даңқын асырып, атағын әлемге әйгілейтін ЕХРО көрмесіне келуші туристерді қабылдайды. Алдымен мамандар демалушыларға қызмет көрсету деңгейін көтеріп, сапасын жақсартуды көздеп отыр. Ұлттық парк қолға алған тағы бір жоба – әлеуметтік туризмді дамыту. Ұлттық табиғи парктің нұсқаушысы Алтынбек Құрманов қызметкерлерге гид курсын өткізеді. Өйткені серуенге шығатын туристер өңірдің тарихи жерлерін аралайды. «Мамандар туризм  арқылы бюджеттің бір шетін түгендеуге болады», - деген пікірде. Ол үшін көрсетілетін қызметтің сапасы сай келуі керек. Қазір демалыс аумағына қарайтын жер телімдерін жалға беру мәселесі қаралып жатыр. Талғат Бешембаев, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің туризм бөлімінің басшысы: - Ұлттық паркпен тендер ойнатылатын болады. Ұлттық парктің аумағына қарасты жер учаскелерін ұзақ мерзімге және қысқа мерзімге пайдалануға беретін боламыз. Сол себепті соған материалдар, деректер дайындалып жатыр. Жаңа туристік бағыттармен қатар ағымдағы жылы әлеуметтік туризм жанданбақ. Жаңа жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың да ел қатарлы демалуына жағдай жасайды. Сәуір айында демалыс үйлеріне пандустар орнатылады. Жарымжан жандардың жүріп-тұруына қолайлы экскуриялық бағыттар да қосылады. Марина Каримова, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген нұсқаушы:   - Биыл біз Баянауылда мүгедектерге мамандандырылған жаңа бағыттарды ашуды көздеп отырмыз. Шамамыз келгенше барлық бағыттарды мүгедектердің баруына қолайлы етіп жасаймыз. Оған жағажайлар, көлдер, басқа да нысандар кіреді. Жаңа жобаның тұсауы биылғы маусымда кесіледі. Бұл еліміз үшін маңызды әрі ең ірі жоба – ЕХРО-2017 көрмесіне дайындықтардың бірі. Сүйіндік Ахметжанов, Баянауыл ұлттық табиғи паркінің директоры: - 11 туристік бағыт бар бізде, оған біз екі қосымша бағыт қосып отырмыз, Жасыбай, Баянауылдың төңірегіндегі мешіті бар, Қаныш Сәтбаев атамыздың мұражайы бар. Ең үлкен тұлғалардың ескерткіштері бар. Демалыс аймағында қазіргі уақытта демалыс үйлері салынып жатыр. Өткен маусымда 120 мыңдай адам жазғы демалысын Баянауылда өткізген. Туристердің көбі Ресей және Қазақстанның солтүстік өңірлерінен келеді. Биыл Баянауылда демалушылардың қатары жылдағыдан көп болады деп болжанып отыр. Себебі әлемдік қаржы дағдарысы шетелде демалғанды ұнататындардың бетін елге бұруы ғажап емес.

24.kz
нравится:    771
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии