11 Декабрь
23:19
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Туризм
17 наурыз 17:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Баянжүрек тауының сиқырлы жазбалары (видео)
Баянжүрек тауы батыстан шығысқа қарай 20 шақырымға созылып, биіктігі 2079 м-ге дейін жетеді. Оны Жоңғар Алатауынан Қасқарау таулы аңғары бөліп тұр. Оңтүстік-батыс бөлігіндегі күн қақтаған үлкен қара тастардың бетінде ойылып салынған жүздеген бейнелер бар. Олар сюжеті мен стилі жағынан Жетісу бойындағы ескерткіштерге ұқсамайды. Негізгі бөлігі қола дәуірінде ойылып салынған. Мұнда  өгіздер мен түрлі жануарлар, арбалар, түрлі белгілер мен діни көріністер бейнеленген. 



Кейбір зерттеушілер (мысалы Самашев З.С.),  энеолит дәуіріне тән көне бейнелердің де бар екендігін айғақтайды. Ерте тас ғасырына жататын петроглифтер аз кездеседі. Бұлар дәстүрлі «аң» стилінде орындалған бұғылар, жабайы қабандар мен түрлі жануарлар. Орта ғасырда Баянжүрек жартастарына салт аттылар, жекпе-жек, садақ ұстаған адамдар, аң аулау түрлері бейнеленген.





Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. 



Баянжүректауы туралы аңыз

Баянжүрек тауы туралы айтылған кезде  «Сайынбөлек» тауы қатар айтылады. Өйткені екі тау іргелесіп жатыр. Аңыздарға сәйкес, «Сайынбөлек», «Баянжүрек» таулары туралы әр түрлі дерек айтылады. Біріншісі- «Қозы көрпеш- Баян сұлу» эпосындағы қыздың әкесі Қарабай осы жерді мекендеген, содан қызын алып қашып, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Аякөз ауданына қарасты Таңсық деген жерге көшіп кеткен деседі. Екіншісі- баяғы заманда Қоңтажының Баян атты сұлу қызы «Ақадыр» деген жерде жылқы жайып жүргенде қалмақтың Сайынбөлек деген батырын көріп ғашық болады. Жігіт жағы қызды айттыруға келсе, қарсы болған әкесі батырларын жабылдырып, сабатып тастайды. Оған қорланған Баян осы таудың жақпар биігінен құлап өліпті дейді. Үшінші дерек- бұл сөз моңғолдың «баян»- бай, «зураг»- сурет деген сөзді, немесе «Суретті жазуға бай тау» дегенді білдіреді. 


Баянжүрек тауы да тұнып тұрған сурет. Қазақтар оны кәдімгі жүрекке ұқсатса, ескі жазбалардан оның көне моңғол тілінде «суретке бай шоқы» деген мағына беретінін көреміз. Қай-қайсысы да шындықпен етене. Ал Ш.Уәлихановтың осы Қапал бекінісі, ондағы Тамшыбұлақ, Арасан суы, Күреңбел атты тау мен жазық, Ешкіөлмес, Баянжүрек сындыларды сүйсіне сипаттап, бүкіл Орта Азияда бұған теңдес жер жоқ деуі тегін емес.



Материал интернет материалдары негіздерінде әзірленді.

Дереккөзі: reactor.inform.kz
нравится:    1889
Теги: Менің Қазақстаным,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии