16 Декабрь
20:47
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Экономика
10 қараша 17:43
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Байлар мен кедейлердің ойлау жүйесіндегі айырмашылықтар
Байлар тек есепшоттағы ақшаларының көптігімен ерекшеленбейді. Олардың ойлау жүйесі де бөлек. Шынында оларды осындай дәулетке жеткізген де олардың өзгеше ойлары. Миллионер Стив Сиболд 26 жыл бойы байларға тән әдеттерді бақылаған. Осы уақытта ол көптеген мультимиллионерлермен жүздесіп, әңгімелескен. Соңында «Байлар қалай ойлайды» деп аталатын кітап шығарған. Сонымен байлар қалай ойлайды?

 
 
1. Байлар дәулетті өздеріне тиесілі құқық деп санайды
 
Көпшілік байлықты бірен-саранға бұйырған бақ деп есептейді. Ал байлар «баю - өздеріне туғаннан тиесілі құқық» деп санайды.
 
2. Байлар жеке бизнестің жылдам байытатын жол екенін біледі
 
Көпшілік жеке бизнесті тәуекелге бел буу деп есептейді. Тұрақты жұмысты тәуір көреді.  Ал байлар өмір бойы біреуге жұмыс істегенді құп көрмейді.
 
3. Байлар кез келген жағдайға бейімделу жетістікке жеткізеді дейді
 
Көпшілік жаңашылдықтан, өзгерістен қорқады, ескі стереотиптермен өмір сүреді. Алайда мектептегі бестік баға мен емтихандар сізді байытпайды. Адамды жетістікке жеткізетін бірден бір қасиет ортаға, өзгеріске бейімделу, жаңашылдықты қабылдау. Байлар осы ұстаныммен өмір сүреді.
 
4. Байлар командалық жұмысқа сенеді
 
Көпшілік команда құруды қиын көреді. Ал байлар командасыз табысқа жете алмайтынын түсінеді. Себебі дәулет бір емес, бірнеше адамның ақыл-қайраты, күш-жігерімен келеді. Бастысы сол адамдарды өзіңізге жұмыс істете білу.
 
5. Байлар ақша табуды өте оңай дейді
 

Көпшілік оңай жерде нан жоқ дейді. Ал байлар ақшаны ауадан жасай алады. Тек ақыл мен білімге көбірек жүгіну керек.
 
6. Байлар баю үшін ойлану керектігін сезінеді
 
Көпшілік ақшаның тек ауыр еңбекпен келетініне сенімді. Көбірек жұмыс істесе, көбірек ақша табамыз дейді. Ал байлар ақшаға келгенде ойды іске қосу керектігін біледі. Олар көп ақша табу үшін күрделі мәселелердің шешім табуға төселеді.
 
7. Байлар ақшаны еркіндік деп есептейді
 
Көпшілік ақшаны қоддың кірі деп есептейді. Ал байлар оны жол ашатын, көп мүмкіндіктерге қол жеткізетін құрал санайды. Кедейлер оның маңыздылығын көре тұрса да жоққа шығарады.
 
8. Байлар өздерін көрсету үшін жұмыс істейді
 
Басқалар ақша үшін жұмыс істейді. Миллионерлер ақша табу үшін ғана жұмыс істеудің баю жолындағы ең жаман стратегия екенін біледі. Олар кез келген іске креативті тұрғыдан келеді. Мүмкіндікті көрсе соған жан-тәнімен беріліп, өзгелер көрмеген жолдарды жүріп өтеді.
 
Дереккөз: Клубер
 
 
нравится:    423
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии