12 Декабрь
14:15
Астана: -16 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Экономика
28 қараша 14:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Байлардың ақылдылығы мен кедейлердің ақымақтығы

 
1.Кедейлер мен орта тап ақша үшін жұмыс істейді. Байлар ақшаны өздеріне жұмыс істетеді.
 
2.Көптеген адамдар «Мені ақша қызықтырмайды» дейді. Сөйте тұра күніне 8 сағат қалтқысыз жұмыс істейді.  
 
3. Сіздің қанша ақша тапқаныңыз емес, сізде қанша сақталып қалғаны маңызды.
 
4.Егер бай болғың келсе қаржылық тұрғыдан сауатты болуыңыз керек.
 
5.Байлар активтерді сатып алады. Кедейлер мен орта тап өздері актив деп санайтын пассивтерді сатып алады.
 
6.Активтер біздің қалтамызға ақша салады. Пассивтер қалтамыздан ақша шығарады.
 
7.Адам кәсіби тұрғыдан жоғары білімді әрі табысты бола тұра, қаржылық тұрғыдан сауатсыз болуы мүмкін.
 
8.Ақылды адам өзінен ақылды адамды жалдайды.
 
9.Мектептер жұмыс берушілерді емес, жақсы жұмыскерлерді дайындап шығарады.
 
10.Бай адамдар активтерді сатып алады. Кедейлерде тек шығын бар. Орта тап өздері актив деп санайтын пассивтерді сатып алады.
 
11.Өз бизнесіңізбен айналысыңыз. Негізгі жұмысыңызды тастамаңыз, бірақ пассивтерді емес, нағыз активтерді сатып алуды бастаңыз.
 
12.Ақша үшін жұмыс істей отырып сіз өзіңізді жұмыс берушінің билігіне бересіз. Сіздің ақшаңыз сіз үшін жұмыс істегенде сіз билікті өз қолыңызда ұстайсыз.
 
13.Еңбек кірісі (еңбекақы) – сіз жұмыс істейтін ақша ал пассивтік және портфельдік кіріс – сізге жұмыс істейді.
 
14.Байлар мен кедейлердің айырмасы олардың өз қорқыныштарын қалай жеңетіндіктерінде.
 
15.Көптеген адамдар қаржылай жеңіске жетпейді. Себебі олардың азын-аулақ ақшасын жоғалтып алу қорқынышы байлық әкелетін қуаныштан басымырақ.
 
16.Бізде бар ең қуатты актив – біздің ақылымыз. Жақсы шыңдалған ақыл қолма-қол үлкен байлыққа жеткізе алады.
 
17.Қаржылық қиындықтар адамдардың өмір бойы біреуге жұмыс істеуінің себебінен болады.
 
18.Кедейлік пен банкроттықтың арасында айырмашылық бар. Банкроттық – уақытша жағдай, ал кедейлік – тұрақты жағдай.
  
Авторы: Роберт Кийосаки "Богатый папа, бедный папа".
Аударған: А.К.
 
нравится:    136
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии