Әлем жаңалықтары
9 қазан 17:44
​Байлардың есігін қағып жүрген кедей жігіт жетістікке жеткен
Британияда жасөспірім Регги Нельсон 18 жасына дейін жағдайы төмен отбасыларға арналған жатақта тұрған.


 
14 жасында бұзақылығы үшін мектептен шығарып жіберген. Бірақ жасөспірім өзгергісі келеді. Бірде бағдарламадан белгілі байдың сұхбатын көріп, Лондонның байлары тұратын ауданға барып, әр үйдің есігін бір қағады. Ондағы мақсаты олардың баю үшін не істегендерін сұрау. Оның табандылығын көрген бір кәсіпкердің келіншегі оны шайға шақырып, әңгімелеседі. Кейін сол табандылығының арқасында компанияға жұмысқа орналасып, колледж бен жоғары оқу орнын бітірген.
 
Қазір 22 жасқа келген Нельсон компаниядағы сарапшылық жұмысынан бөлек репетиторлықпен айналысады.
 
Дереккөз: https://lenta.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика