22 Август
15:05
Астана: 27 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
20 маусым 11:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бельгияда 19 тілде сөйлейтін робот ауруханаға «жұмысқа орналасты»


Бельгияның Остенде қаласындағы аурухана қызметкерлерінің қатары толықты. 19 тілде сөйлеп, мұқтаж жанға жәрдем беруден шаршамайтын «Пеппер» есімді құлтемір науқастарға ғана емес, медбикеге, тіпті ауруханада жатқандардың халін сұрап, келгендерге де көмек береді. Жұрт «Пепчик» деп атап кеткен робот бағдарламасын жергілікті ZORA BOTS фирмасы жасап шыққан, деп жазады 24.kz.
Бұл - Пеппердің атқаратын күнделікті жұмысы. Ол ауруханаға келгендерді күтіп алып, сұрақтарына жауап беріп, жол көрсетеді. Қажет болса, медбикелерге де ненің қайда тұрғаны туралы ақпарат бере алады. Құлтемір бағдарламасын жасап шығарған компания басшысы «оның негізгі міндеті - келушілерге дұрыс ақпарат беріп, жағымды көңіл-күй сыйлау» дейді.
«Бойы - небәрі 120 сантиметр. Пішіні де фильмдердегі зұлым құлтемірлер сияқты емес, сүйкімдірек. Адамдар оған жылы қабақпен қарайды. Бір жақсысы, ешкімнің жұмыс орнын тартып алған жоқ және қызметке таласпайды», - дейді ZORA BOTS компаниясының басшысы Фабрис Гоффэн.
«Пеппердің» салмағы 28 келі және сағатына үш шақырым жылдамдықпен козғала алады. Мамандардың айтуынша, құлтемір - қозғалысы қиын науқастарға көмек беруге таптырмас құрал. Сондықтан көбіне сәбилер мен қарттар бөліміне қойылады.
«Пеппер» Остенде қаласындағы «Аз Дамиан» ауруханасында қызметке алынған алғашқы құлтемір емес. Бұған дейін мұнда сөйлей білмейтін кішкентай ғана «Зора» атты робот болған. Ол науқастардың физиотерапиямен айналысуына көмек берген.
 
 
нравится:    600
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии