|    |  
16 ақпан 2019
22:36
қаз
​Бельгияда әлемдегі ең үлкен Titan Arum гүлі гүлдеді
29 шілде 2016, 16:38 8

 
Белгияның Мейзе қаласының ботаникалық бағында әлемдегі ең үлкен Titan Arum (Amorphophallus titanum) гүлі гүлдеді.  Бұл өсімдік сондай-ақ «өлік гүлі» деп те аталады. Орасан зор өсімдіктің гүлдеуі бар болғаны 72 сағатқа созылады екен. Сол себепті де ерекше гүлді көріп қалуға асыққандардың қарасы көп. Ботаникалық бақ қызметкерлеріне келушілер тобынан бақты бүлдірмей қорғау мұң болып тұр. Гүлдің биіктігі екі метрге, ал салмағы жиырма келіге жуық. Amorphophallus titanum гүлінің гүлдеуі сирек құбылыс. Ол бес, кейде он жылда бір рет қана гүлдейді.
Бұл гүл жабайы өсімдік, отаны Суматра (Индонезия).
 
Дереккөз: planet-today.ru


Жаңалықтар