|    |  
21 қараша 2018
15:03
қаз
Бельгияда арнайы операция кезінде 16 адам тұтқындалды
23 қараша, 09:59 863
Бельгияда лаңкестерге қарсы жалпыұлттық операция кезінде 16 адам тұтқындалды деп хабарлайды Вести.ru. 

 

Елдегі қауіпсіздік деңгейі барынша күшейтілген. Мектеп-университеттер мен метролар жұмысын тоқтатты. Бельгия әскері мен тәртіп сақшылары күш біріктіріп, Брюссельдің бірнеше аудандарында арнайы операция жүргізді. Қала көшелерінің көбі жабылып, тұрғындарға үйден шықпауға кеңес берілген.

Бельгиялық «Лэ Сойр» агенттігінің хабарлауынша, Париждегі лаңкестікке тікелей қатысы бар деген күдікті Салах Абдеслам Льеж ауданында көзге түскенімен, полиция уысынан сытылып, Германияға қарай BMV автокөлігімен қашып кеткен. Тағы бір лаңкес операция кезінде полиция жасағына шабуыл жасап, көлігімен қоршауды бұзып өтіпті. Алайда көп ұзамай ол Брюссельде қолға түсті.

 
Жаңалықтар