18 Декабрь
07:08
Астана: -24 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
22 қыркүйек 16:26
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Бельгиялық студент алып Game Boy жасап, Гиннестің рекордтар кітабына енді



Nintendo компаниясы Game Boy сериясының ойын құрылғыларын кішірейтумен әуре болып жүргенде, бельгиялық студент Ильхан Унал керісінше тактиканы ұстаныпты. Оның жұмысын қалта немесе портативті құрылғы деп атауға келмейтін секілді.
 
«Game Boy өзімді қоса алғанда көптеген адамның балалық шағының үлкен бір естелігі болып табылады. Бала кезімде мен де Game Boy ойнағанды ұнататынмын, сондықтан жасы ұлғайса да, көңілі қартаймайтын жандарға арнап ерекше құрылғы ойлап табуды мақсат тұттым», - дейді Ильхан Унал.
 
Алып ойыншықты құрастыру үшін өнертапқыш бір ай уақытын жұмсаған. Ең қызығы, бұл құрылғы қарапайым көлемдегі картриждан ойынды іске қосуға мүмкіндік береді екен. Дегенмен, мынадай үлкен көлемді түймешелермен еркін көсіліп ойнау белгілі бір қиындықтар туғызатыны рас — Game Boy-дың ұзындығы 101 сантиметр, ал ені 62 сантиметр.




Ильханның компьютерлік ойындарға мүлде уақыты жоқ десе де болады: ол университетте білім алады, бос уақытында жұмыс істеп, ақша табуға тырысады және сүйіктісімен кездесулерге барады. Осыған қарамастан, ол өзінің алып өнертабысына уақыт табуға тырысады, себебі метрге жуық Game Boy-мен ойнау — бұл ерекше спорттық жаттығу.

Ильхан осымен тоқталып қалмақ емес, алдағы уақытта іске асыруды жоспарлап отырған үлкен жобалары өте көп.
 
нравится:    64
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии