19 Октябрь
06:04
Астана: 5 °C
Алматы: 5 °C
USD/KZT: 333.57
EUR/KZT: 391.81
RUB/KZT: 5.81
CNY/KZT: 50.37
Мәдениет
17 қазан 12:58
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Белгілі актриса Қызылордаға келін болды (ФОТО)

«Қазақстан» ұлттық арнасында көрсетілген «Сырғалым» сериалында басты рольді ойнаған Жұлдыз Маханова Қызылордаға келін болды. Бұл жөнінде Майра Боранбаева facebook парақшасында жазды.
Жұлдыз Маханова көрермендерге бірқатар қазақстандық сериалдар арқылы танылған. Оның отбасысы өнер әлемінде қызмет етіп жүрген азаматтар. Әкесі Шоқан жиырма жылдай телевидение саласында қызмет атқарса, әкесінің бауыры Жұмағали Маханов М.Әуезов атындағы драма театрында ұзақ жылдан бері еңбек етіп келеді. Сондай-ақ, Жұлдыздың немере ағасы – Мерей Маханов та режиссер әрі актер.  
Әзірге Жұлдыз Маханованың кімге тұрмысқа шыққаны жөнінде біздің қолымызда дерек жоқ. facebook қолданушысы Bahit Sansizbai «Жұлдыз Маханова Сұлутөбе ауылына келін болды. Жігіт Астанада жұмыс жасайды. Сонда тұрады. Жігіттің жоғары білімі бар. Астана қаласында құрылыс саласына қатысты жоба жасайтын компанияда қызмет етеді. Өнерге қатысы жоқ. Тойдан кейін Астанаға қайта оралады» дейді.



Сондай-ақ, Жұлдыздың немере ағасы – Мерей Маханов өзінің фейсбук парақшасында «Кешегі @zhuldyz_makhanova қарындасымның ұзату тойына атсалысып келген менің өмірдегі,өнердегі бауырларыма, басқа да биші қыз-жігіттерге алғысым шексіз!Алла разы болсын баршаларыңызға!» деп жазған екен.  
 


seykhuninfo.kz
нравится:    1745
Теги: Жұлдыздар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии